Зачаган кентінің әкімі Мемлекеттік тілде қойылған сауалға жауап бере алмады

2035
11
Бөлісу:

Батыс Қазақстан облысындағы Зачаган кентінің әкімі Әділбек Қадыров халық алдында есеп беру кездесуінде тұрғынның мемлекеттік тілде қойған сауалына жауап бере алмады. Бұл туралы «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап «Қазақ Үні» ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.

20170120_173346

Аталмыш сұрақ ықшам аудан аумағын абаттандыруға қатысты болатын. Нақтылап айтсақ, Мұрат есімді жергілікті тұрғын ауданда ағаш егуге қыруар қаржы бөлініп, олардың күтіміне ешкім қарамайтынын алға тартқан еді. Соның салдарынан, бір жыл өтпей көшеттер солып қалады екен.

Зачаган әкімі болса, «қазақша жауап беріңіз…» деген тұрғынның өтінішіне құлақ аспай, Мемлекеттік тілде қойылған сауалға ресми тіл, яғни, орыс тілінде жауап берді.

— Мы знаем проблема существует, решим вопрос, — деді әкім.

Еске сала кетейік, Әділбек Қадыров бұл қызметке бір айын бұрын тағайындалған болатын.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 11 пікір жазылған

  1. м 21 Қаңтар, 2017 23:08 Жауап

    зачаган деген не сұмдық?Қарағандыда Құлайғыр станциясын калагир деп жазып солай атап жүргенін көріп түңіліп едік.

  2. Амангелди Мамыт 22 Қаңтар, 2017 00:55 Жауап

    Мемлекеттіқ тілді білмейтін, ана тілін құрметтемейтін әкімдерді қызметтен аластатын кез келді. Ағайындар, азаматтық құқығымызды аяқ асты таптатпайық!

  3. Dauren Bolustegi 22 Қаңтар, 2017 00:57 Жауап

    Негізі мемтілді білмейтін басшыларды үлкен лауазымдарға қоюды доғару керек

  4. Махамбет 22 Қаңтар, 2017 00:59 Жауап

    Ауылының аты да жетісіп тұрған жоқ қой, орысша ғой. Зачаган деген не бәле!!!

  5. Нұрлан 22 Қаңтар, 2017 01:36 Жауап

    Әншейін тәлпіштеніп отырған жаман қазақ қой, ертең Елбасы Мемлекет тілінде сөйлемеген, сөйлей алмайтын Әкімдер, Депутаттар, министрлер және сол сияқтылар жоғары лауазымда жұмыс істемесін деген Қаулы шықса, ол Жаман қазақ Қазақша сайрап кетеді. Ол жаман қазақтың әдеті көріп жүрміз ғой, өздерін крутой қазақ санайтындар ғой.

  6. Әнипа 22 Қаңтар, 2017 11:22 Жауап

    Ана тілін сыйламайтын,
    мемлекеттік тілді білмейтін әкімдерді жұмыстан шығару керек.

    • Нұрлан 22 Қаңтар, 2017 17:26 Жауап

      Дұрыс. Өзінің тілін сыйламаған басшылар Қазақ Халқын алға бастай алмайды. Әншейін өздерін ойлап жүрген сайқы мазақтар ғой.

Пікір немесе жауап жазу

он үш − 12 =