Министрліктің өтірігін шығарды. Оқушы сөмкесінің салмағы 6 келіден асып кетті (видео)

1509
9
Бөлісу:

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өзіне берген жауабына қанағаттанбаған 1-сынып ата-анасы Салтанат Тәжиева өз дәйегін дәлелдеп, министрлік жауабын теріске шығаратын тағы бір видео жариялады, – деп хабарлайды 365info.kz.

Айта кетелік, бірер күн бұрын Алматы облысының 1-сынып оқушысының ата-анасы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырзаға әлеуметтік желі арқылы видеоүндеу жолдаған болатын. Онда министрлік жасаған реформаның бастауыш сыныпқа қатысты айқындалып жатқан теріс әсерлері фактілермен атап көрсетіліп, министрге нақты сауалдар қойылады. Бүгіндері бұл видеоүндеуді 155 мың адам ашып қарап, 11 мыңға жуық адам бөліскен.

Әрине қоғамда осындай үлкен резонанс туғызған мәселені ҚР Білім және ғылым министрлігі назардан тыс қалдыра алмады. Салтанат Тәжиеваға министрлік ресми түрде видео түсініктемемен жауап қатты.

Әрине, ол арада 1-сынып оқушысы ата-анасының барлық дәйегі жоққа шығарылады. Тіпті, оқушы сөмкесінің нормаға сай 2 келіден асып кететіндігі де.

«Санитарлық нормалар бойынша, 1-сынып оқушыларының оқулығы 300-400 граммнан аспайды (мәселен, «Жаратылыстану» оқулығының салмағы — 270 грамм, ал оған арналған дәптердің салмағы -200 грамм, «Дүниетану» оқулығы — 300 грамм, дәптері — 196 грамм, «Математика» оқулығы — 400 грамм, математика бойынша дәптер — 300 грамм). Осылайша, бір күнге арналған төрт оқулық пен жұмыс дәптерлерінің салмағы екі келіге жетпейді» делінеді министрлік жауабында.

Басқасын қайдам, мектепке бала сүйреткен әрбір адам министрлік келтірген бұл фактіні жоққа шығара алады. Өз кезегінде Салтанат Тәжиева да қарап қалмай, видео арқылы күнделіктегі барлық пәндерді сөмкеге салып, оны электронды гірде өлшеп, министрліктің өтірігін шығарды.

Оқушы сөмкесінің салмағы 5 келі 235 грамм болды. Одан бөлек дене шынықтыру сабағының қосалқы сөмкесінің салмағы өлшенді: 1 келі 120 грамм. Сонда 1-сынып оқушысының мектепке көтеріп баратын «жүгінің» жалпы салмағы 6 келіден асып кетті.

Енді министр Сағадиев мырза, бұған қалай жауап берер екен?.. Ел кезекті жауабыңызды тағатсыздана күтіп отыр!..

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. Еркін. 15 Қаңтар, 2017 12:59 Жауап

    «Ақты қара деп, қараны ақ деуден қаш»- деп үйреткен ата бабамыздың кемеңгер ақылды сөзі көп əңгіменің тұздығы.
    Не болып кетті, кейінгі кезде???
    Көзіңді бақырайтып тұрып, көріп отырған «тұлпар жылқыны» ол жылқы емес, «мұқыл өгіз» -деп айтқызып, танытып жатыр ма, қалай?
    Қатты ұйықтап қалыппын, жаңа оянып жатырмын!

  2. Адасқан мен Шатасқан 15 Қаңтар, 2017 13:05 Жауап

    Көз алдыңнан, белі бүкір, не қазақша не орысша анда санда » ок «-деп, кетіп бара жатқан сақау ұрпағымды елестету өте қорқынышты екен!
    Асстафруалла!

  3. Адай жігіті Бауыржан! 15 Қаңтар, 2017 17:02 Жауап

    Саламатсыз ба оқырмандар!! Баршамыздың үйімізде 1 сыныпта оқитын бала болмағанымен..баршамыздың болашақ ұрпағымыз үшін алаңдайтынымыз белгілі әрине. Менің 3 сынып..1 сынып және балабақша жасындағы балаларым бар. Күніге мектептен алып кетуге келгенімде..1 сыныптағы ұлымның өз сөмкесін әрең көтеріп келе жатқанын байқаймын. Расында ауыр…тіпті ересек адамның өзіне білініп ақ тұр. Одан қалса енді ана тілінде жазу сызуды үйреніп келе жатқан балаға шет тілін қатар меңгерудің қаншалықты киын екенін де көріп отырмыз. Ал жалпы пәндер бойынша тапсырмаларының өзін кейбір ересектердің өзі де шығармақ түгілі түсініп алудың өзі қиын мәселе!! Расында да болашақта бүкір..көзі көрмейтін мәңгүрт ұрпақ өсіп шықпаса болғаны. Болашағымызға..діңгегімізге балта шаппайық ағайын!!

  4. Гүлнар 16 Қаңтар, 2017 18:20 Жауап

    балаларымыздың болашағы бүлыңғыр не анда жоқ не мында жок. жаның ашиды. Муғалімдердің қагаз жазудан қолы босамаиды. баладан уи тапсырмасын қалаи орындағанын сұрамаиды оған уақыты жок. дәптердегі орындалған тапсырмаға баға қояды. болды. Сагадиев мырза. артық қылам деп тыртық кылып кылып жүрмесе екен балалардың тагдырын. ұрпақтың қарғысына қалмаңын ол кезде кеш болады

  5. Жанашыр 18 Қаңтар, 2017 16:17 Жауап

    Ия,бала жөні, оқулық жөні осындай. Ал мұғалімнің халі одан төмен болмаса артық емес. Өйткені, күнде бір жаңалық пайда болады оқыту үдерісінде.мұғалімдер оқып өзгеруі тиіс болды, олар өзгелерді өзгертуі тиіс. Ол үшін балалардан босаса, мұғалімдер бір-бірін оқытуда.Қағазбастылық бір жағынан, жаңарамыз деп жүргенде жарты жылдың өткенін байқамай қалдық. Шетел методикасы болмаса болмай ма дейсің сол кезде. Қалай айтсақ та, келешегі жоқ дейтін кемелденген кеңес үкіметінде білім алған мұғалімдердің білімі де адамгершілігі де артық қазіргі мақтаншақ жастарымыздан.Мектепте басым көпшілігі зейнет жасына жақындаған осындай ұстаздар. Соларды өзгермедің, жаңармадың деп жазғыру дұрыс па? Оқуға қабілеті бар бала қандай методпен болса да білім алып шығады.25-30дан отырған баланы топқа бөлсе, бағалауды өзгертсе, білім сапасы жақсарады дегенге сене қою қиын. 1-сынып оқулықтарының жайы да осындай өзгерістерді жүзеге асыру үшін шығарылған шығар. Баланың да ұстаздың да мүмкіндігін кім ескереді?

Пікір немесе жауап жазу

он үш − он үш =