Бүркітші қыз Айшолпанның әкесі оларды Қазақстан азаматтығы қызықтырмайтынын айтты (ФОТО)

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын этникалық бүркітші қазақ қызы фотограф Ашер Свиденский оның суретін желіге жариялағаннан кейін үлкен танымалдылыққа ие болды. Бірақ, оның отбасы Қазақстанның азаматтығын алудан бас тартып отыр деп хабарлайды ARD порталына сілтеме жасап NUR.KZ.

Атақты бүркітші қазақ қызы Қазақстанның азаматтығынан бас тарттыӘкесі ұлдары бола тұра, бүркітшілікке баулыған 13 жастағы Айшолпанның таңғажайып өміріне шолу жасаған фотограф  жас қыздың есімін әлем жұртшылығына танытты.

Жас аңшының әкесі Р.Нұрғайв та көпшілікке танымал болды. Жақында оның Моңғолияның ұлттық телеарналарының біріне берген сұхбаты жарыққа шықты.

Атақты бүркітші қазақ қызы Қазақстанның азаматтығынан бас тарттыӨзінің әкесі секілді мыңғырған малы бар қойшы 800 бас төрт түлік ұстайтынын, оның ішінде 20 түйе, 60 жылқы және қалғандары қой-ешкі екенін айтқан. Қазір оның жанұясы Баян-Өлгейден 40 шақырым жердегі Цамбагарав тауының маңындағы қыстауда тұрып жатыр.

Қызы Айшолпанды Қазақстанға шақырып, азаматтық алып беруге ұсыныс білдіріп жатқандар бар екенін де әкесі жасырмай айтты.

Атақты бүркітші қазақ қызы Қазақстанның азаматтығынан бас тартты«Біз қазақ болсақ та, Моңғолияда тудық, бойымызда моңғолдың қаны бар. Менің ата-бабаларым да осында туып-өскен. Сондықтан да, мен Моңғолияда туғаныма және осында өмір сүріп жатқаныма мақтанамын. Біз мұндай тамаша тағдырлы Алланың қалауымен қабылдадық. Бұл туралы ешқашан ұмытпаймыз. бізден Қазақстанның азаматы болыңдар деп сұрады. Бірақ бізді ондай мәселелер қызықтырмайды. Себебі, біздің Отанымыз - Моңғолия», - дейді Айшолпанның әкесі.

Естеріңізге сала кетсек, Sia есімді әнші жас бүркітші Айшолпанға Angel by the Wings атты әнін арнаған болатын.