Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев Қапшағай балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында Қапшағай балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты.

Зауыт басшысы Бақытжан Мұсанов депутатты зауыт жұмысымен таныстырып, бұл зауыт 4 цехтан тұратынын және осында 150 адам жұмыс жасайтын айта кетті.

Одан әрі депутат Е. Барлыбаев зауыттың жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында мекеме жұмысшылары өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, көптеген сұрақтарына жауап алды.

Кездесу соңында депутат «Ақ жол» партиясының негізгі бағыттарының бірі – еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту және қолдау екендігіне тоқталды.

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.