Әлеуметтік желіге аузына келгенін жазған тұрғын көлігінен айырылып қалды

Ақтөбеде әлеуметтік желідегі айқай сотқа жетті. Өзгенің ар-намысына тиетін сөз жазамын деп ақтөбелік тұрғын жауапқа тартылды. Талапкер сұраған 200 000 мың теңгенің орнына жауапкер «Audi B4» маркалы автокөлігін беріп құтылған деп хабарлайды aktobenews.kz.

Әлеуметтік желіге аузына келгенін жазған тұрғын көлігінен айырылып қалдыАқтөбе облысы Мәртөк ауданының сотымен әлеуметтік желідегі дауға нүкте қойылған. Сотта тұрғынның ар-намысын қорғау және моральдық зиян өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы әлеуметтік желідегі «Мәртөк жаңалықтары» сайтына шыққан мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін айтып, сотқа жүгінген. Сонымен қатар, желіде, оның ар-намысын қорлағаны үшін 200 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы талап қойған.

Сот отырысында жауапкер талап қоюшының ар-намысын қорғау талаптарын мойындайды. Моральдық зиянды өтеу үшін 1993 жылғы «Audi B4» маркалы автокөлікті берген. Осыдан кейін талапкер талаптан бас тартты.

Ұйғарым заңды күшіне әлі енбеген.