Илья Ильиннің «алтын» медалі кімге бұйырды?

1232
3
Бөлісу:

Польша спортшысы Шимон Колецки ресми түрде 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының 94 келіге дейінгі салмақтағы чемпионы атанды. Бұл туралы Польша ауыр атлетика қауымдастығының сайты жазды деп хабарлайды Baq.kz.

Илья Ильиннің «алтын» медалі кімге бұйырды?Бұл ақпаратты Халықаралық ауыр атлетика федерациясы өзінің ресми сайтында жариялаған. Бейжіңде 2008 жылы алынған допинг-сынаманы қайта зерттеу нәтижесінде «алтын» иеленген Илья Ильин мен 3-орын алған ресейлік Хаджымұрат Ақаевтың қанынан тыйым салынған зат табылды.

Ал ол кезде Шимон Колецки екінші, Грузияның атынан сынға түскен Арсен Касабиев 4-орын иеленген еді. Енді олар, тиісінше, алтын және қола медальдарды алады деп жазады sports.kz.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Алаш 7 Қаңтар, 2017 14:06 Жауап

    Қарапайым халықтың салығынан төленген мемлекеттік сыйақыны да қайтарсын.Егер намысы бар адам болса…Әй қайдам бірақ…

Пікір немесе жауап жазу