Аңшылар селфи үшін арқардың аяғын сындырды

Қарағанды облысында аңшылар селфи үшін Қызыл кітапқа енген арқардың аяғын сындырды. Тәртіп сақшылары аңшылардың селфиге түскен фотосы бар ұялы телефондарын да тәркіге алды. Бұл туралы NUR.KZ аймақтың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысында аңшылар селфи үшін арқардың аяғын сындырдыҚарағайлы ауылының екі тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысқан. Оларды 3 қаңтар күні рейд кезінде құрықтады.

«Полицейлер ер адамдардан төрт аңшы ит пен жарақаттанған арқарды тәркіледі. Арқардың қашып кетпеуі үшін аяқтарын сындырған. Одан бөлек ер адамдардан арқармен селфиге түскен фотолары бар ұялы телефондары тәркіге алынған», - дейді полицияда.

Заңсыз аңшылықпен айналысқандардың үстінен соталды тергеу басталды.