Ыстамбұлда Санта-Клаус болып киінген екеу түнгі клубқа шабуыл жасады: 35 адам қаза тапты

Ыстамбұлда Санта-Клаус болып киінген екеу түнгі клубқа шабуыл жасады. Кем дегенде 35 адамның қаза тапқаны және 40 адамның зардап шеккені хабарланды, - де жазады РИА Новости қала мэрі Васип Шахиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап. Мэр Haberturk телеарнасында сөз сөйледі. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды. Мэр шабуылдың теракт екенін айтты. Hurriyet газетінің мәліметінше, шабуыл жасалған Reina клубында 700-800-дей адам болған. Шабуылдағандардың араб тілінде сөйлегені белгілі болды. Ал клубтың қожайыны бұл теракт жайлы америкалық барлау қызметінің ескерткенін мәлімдеді. "7-8 күн бұрын бізге ескертілген. Соңында не болды, осылай болды", - жежі клубтың иесі Мехмет Коджарслан. Шабуылдаушы Калашников автоматынан атқан.