Тауық жылы таңымыз арайлы ата берсін!

 
Армысыз Алаш елі! Нағыз Жаңа жыл Наурыздың 22-інші жұлдызында келетінін айта отырып, бәріңізді Күнтізбелік Жаңа жылмен құттықтаймын! Айдан аман, жылдан есен жеттік, Аллаға мың да бір шүкір дейік!
Түнгі 12-00-де қыт-қыттай кіріп келген Тауық жылы таңымыз арайлы атып, табысты болайық! Бағымыз зор, нанымыз мол болсын! Тауық жылы тауық шақырған таңнан тұрып, тауықтай тер төгіп, теріп жеген несібелеріңіз берекелі, әр күндеріңіз мерекелі болсын! Тауық жылы қоразымыз қоңды, тауықтарымыз өңді, балапандарымыз жарқын, жұмыртқаларымыз алтын болсын!
Тәуелсіздіктің Көк туы көкке өрлей берсін!