Орталық сайлау комиссиясы Тінікеевтің депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтінішін мақұлдады

Бүгін депутаттық әдеп жөніндегі кеңестің отырысында депутат Мұхтар Тінікеевтің өтініш хаты қаралды, деп хабарлайды парламенттің сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес Тінікеевтің өтінішін қарадыДепутат Тінікеев өзінің әріптестері мен сайлаушылардан болған жайт туралы кешірім сұраған.

Сонымен қатар халық қалаулысы Орталық сайлау комиссиясына депутаттық өкілеттілігінен бас тартатыны туралы ресми өтінім білдіргенін айтқан.

Кеңес орын алған барлық мән-жайды қарастырып, аталмыш шешіммен келісетіндерін атап өтті.