Алматыда күші 2-3 баллға тең жер сілкінісі болды

2016 жылдың 18 желтоқсанында Алматы уақыты бойынша сағат 11.54-те (Гринвич бойынша 2016 жылдың 18 желтоқсанында сағат 05.54-те) жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 128 шақырым жерде екені анықталды. "Энергетикалық класы 11.3-ке тең, магнитудасы - 5,0. Күші 2-3 баллға тең жер сілкінісі сезілген", - деп хабарлады мамандар.

Патрульдік полицейлердің мәліметінше, аумақта ештеңе де қирамаған.