Әзімбай Ғали. ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРСЫ шыққандардың саяси БОЛАШАҒЫ БОЛМАУ КЕРЕК!

2649
12
Бөлісу:

azimbay-1-kopiya

 

«Қазақ үні» ұлттық порталы  2011 жылы ұлт зиялыларының    ондаған мың адам қолдаған Конституциядан  қазақ тіліне тұсау болып келе жатқан 7 баптың 2-ші тармағын алып тастау туралы талабына қарсы шығып, Президентке және билік органдарына Ашық хат жазғандардың тізімін жариялады.  «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНА ҚАРСЫ ШЫҚҚАНДАР» ( http://www.qazaquni.kz/2016/12/14/61950.html ) атты мақалада қазіргі  кейбір саяси партиялар, қоғамдық  қозғалыстар басшылары, БАҚ жетекшілері, т.б.  біраз адамдардың аттары  бар.

Мемлекеттік тілдің бірегей статусына қарсы шыққан орыстардың көбі көшіп кеткен шығар. Орыстектілер арасынан шыққан кейбіреулері демократпын деп жүргендер де бар. Әрине, жалған демократтар қазақ жаншылған, қырылған халық деп кешірім сұраудың орнына, олар қазақ тілінің бірегей статусына жармасты. Өкінішті. Біздің постколониалдық биліктің ниеті де осылардың талабына иілді. Бірақ қазақ өз мүддесін біле білді. Оған куә қазақ мектебінің күрт өсе беруі.  Алғашқы демократиялық толқынның сәтсіздікке ұшырауы да қалың қазақтың қалауы – қазақ олардың орыстық шовинистік көзқарастан арылмағанын байқап,  қолдамады.

Ал Гульжан Ергалиева секілді қазақтекті орысшылдар ше? Олар қазақтың тілінің тағдырына, қазақ тілінің аяққа тұра бастаған кезінде шабуыл жасады. Қазақ тіліне қарсы шыққандар немесе 138-дің хатын қолдамағандардың ішінде өздерін оппозиция санап жүргендер де көп болды.  Керісінше қазақ тілінің gulzhanжанашырлары сол тартыстарда шыңдалып шықты.  «Олар орысша оқығандар еді, ол айып емес – тағдыр»  дейді кейбіреулер.  Жоқ, олай емес.  Мен де орыс мектебін бітірдім.  Бірақ қазақ құндылықтарынан жеріген жоқпын.   Еркін ағылшыншама және ой-өрісіме қарап, маған АҚШ қа кетуді екі рет ұсынған еді. Бірақ мен Қазақстанымды тастағым келмеді және келмейді де. Адасу көп адамның басына келетін жағдай: «кезінде адасып едім, халқым енді кешір» десе болды ғой.  Қазақ кең халық, «жәрайды, адасқан шығар» деп кешірер еді.

Қазақ тілінің дамуына қарсы шыққандардың саяси болашағы және перспективасы болмау керек.  Олардың газеттерін алмау, сайттарын оқымау, сөзін сөйлемеу, атын атамау керек.  Онсыз да орысша оқу азайып келеді. Көкжиегімізді тарылтпау үшін ағылшын, түрік,қытай баспасөзінен білім нәрін алуымыз керек. Бір сөзбен айтқанда бізге саяси диверсификация және ой тәуелсіздігі керек.

Әзімбай ҒАЛИ

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 12 пікір жазылған

  1. admin 18 Желтоқсан, 2016 16:38 Жауап

    Әзімбай Ғали. Қазақ тіліне қарсы шыққандардың саяси болашағы болмау керек!
    Мемлекеттік тілдің бірегей статусына қарсы шыққан орыстардың көбі көшіп кеткен шығар… Ал Гульжан Ергалиева секілді қазақтекті орысшылдар ше? Олар қазақтың тілінің тағдырына, қазақ тілінің аяққа тұра бастаған кезінде шабуыл жасады. Қазақ тіліне қарсы шыққандар немесе 138-дің хатын қолдамағандардың ішінде өздерін оппозиция санап жүргендер де көп болды. Керісінше қазақ тілінің gulzhanжанашырлары сол тартыстарда шыңдалып шықты.
    http://www.qazaquni.kz/2016/12/18/62207.html

  2. Жүкел Хамай 18 Желтоқсан, 2016 17:41 Жауап

    Әзекең рас айтады. Бұл жолдан Әзекең өзі де өткен. 96-шы жылы Милиция школасында жүрген кезде сұхбат алған едім. Қазақшасы «а», «б»-дан аспайды, өзің аудар деді, аударып, қазақша бердік. 200-шы жылы Әзекеңнің қазақ болып жұргенін көрдім. 2003-ші жылы кітап дүкенінен кілең ағылшын тіліндегі саясаткерлердің кітабын алды. Қатты қуандым. Кітапқұмар, тілқұмар… мен танығаннан бергі 20 жылда Әзекең секунттап өзін жетілдірді!….

  3. Өмірзақ Ақжігіт 18 Желтоқсан, 2016 17:42 Жауап

    «жаппай эмиграция», «шыдамдылық керек». 25 жыл бойы есітіп келе жатырмыз. 2000-жылы-ақ Жаңаөзенде орыс қалған жоқ еді. Шетелдерден қаптап келіп жатқан техниканы қазақ жігіттер, қыздар меңгеріп алды, орыс кетті екен деп өмір тоқтап қалған жоқ.Бәленің бәрі – орыстілді, қазақ болғысы келмейтін қазақтардан. Гүлжан Ерғалиева секілді.Бірақ, биліктің тіл жөніндегі саясаты өзгергенін күтіп отырмай, әрқайсымыз шамамыз келгенше күресе беруімз керек. Басқа жол жоқ.

  4. Махамбет 18 Желтоқсан, 2016 17:43 Жауап

    Әзімбай аға турасын айтқан! ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРСЫ шыққандардың саяси БОЛАШАҒЫ БОЛМАУ КЕРЕК!

  5. Бақытбек 18 Желтоқсан, 2016 19:09 Жауап

    Қолдаймын.Мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдарында шет елдердің жаңалықтарын Еуропа,АҚШ, Түркия,Қытай, Жапония т.б. елдердің ақпарат құралдарынан тікелей қазақ тіліне аударып көбірек беріп, ұлттық ақпарат құралдарына қызығушылықты көбейту керек деп ойлаймын. Себебі,көп қазақ тіліндегі ақпарат құралдарында шет ел жаңалықтарын Ресейдің әдеттегідей бұрмаланған ақпаратынан орыс тілінен аударып беріледі де,оқуға құлық тудырмайды.Қазақ тіліндегі ақпарат құралдарына неғұрлым қызығушылық көбейген сайын соншама тілге қызығушылық,және аудитория да көбейеді.

  6. Руза 18 Желтоқсан, 2016 19:45 Жауап

    «ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРСЫ шыққандардың саяси БОЛАШАҒЫ БОЛМАУ КЕРЕК!» неге? Өйткені басқаша болса қазақ тілі, салдары, қазақ жоқ болады! Айтпағым осы, және ризашылық, Әзекеңе де Қазеке бауырыма да.

  7. Мәди 18 Желтоқсан, 2016 20:21 Жауап

    БҰЛАРДЫҢ, ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚАРСЫЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ЖАРДЫҢ ЖАҒАСЫНА ТҰРҒЫЗЫП АТУ КЕРЕК. МАҒАН АТТЫРСА ҚОЛЫМ ҚАЛТЫРАМАС ЕДІ. ИТШЕ АТЫП ТАСТАУ КЕРЕК.

  8. Seilgasin 18 Желтоқсан, 2016 21:06 Жауап

    Мұндай нигилистерге қазақтың «төрінен» орын бермеу керек. «Күн көрсетпеуге» тыртысып «отырса опақ, тұрса сопақ» қылайық. Өздеріне «жайлы»жерлеріне қарай жоғалсын. Сықпытының өзі жиіркенішті… тфу.

  9. Жолымбет Мәкіш 18 Желтоқсан, 2016 23:58 Жауап

    Бұларға бойкот жариялап, саясат сахнасынан шыбықтап қуу керек… Өздері құлдық психологияның қамытын кигендер елді қайтіп жетістірмек?

  10. Аман 19 Желтоқсан, 2016 12:24 Жауап

    Бұндайларды қазақ халқының жауы деседе болады. Баяғы СССР-ды аңсайтындар, келмеске кеткенін мойындай алмай жүргендер.

Пікір немесе жауап жазу

17 − 17 =