Ақтөбелік лаңкес: Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын (фото)

Интернетте ақтөбелік терроршылардың өз әрекеті үшін өкінетіндерін айтып, кешірім сұраған видеосы жарияланды. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

[caption id="attachment_1350840" align="aligncenter" width="596"]Ақтөбелік терроршы: Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын (фото) АСХАТ ИМАНҒАЛИЕВ. КТК АРНАСЫНАН КАДР[/caption]
Бұған дейін тек арнайы қызмет өкілдеріне ғана қолжетімді болған кадрлардан құралған деректі фильм ешқандай жарнамасыз жарияланды.

Басты кейіпкерлер - бесінші маусым күні Ақтөбеде террорлық шабуыл жасағандар.

Телеарнаның айтуынша, шабуыл кезінде түсірілген кадрлардың денін қазақстандықтар алғаш рет көре алады.

[caption id="attachment_1350846" align="aligncenter" width="515"]Ақтөбелік терроршы: Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын (фото) АСХАТ РАХМЕТОВ.  КТК  АРНАСЫНАН КАДР[/caption]

"Кішігірім бөлмеге 40-50 адам жиналдық. Дмитрий Таңатаров телефондарымызды жинап алды. Колонканы қосып, бір сағат бойы дәріс оқыды. Онда ол бауыр-қарындастарымыз түрмеге тоғытылып жатқанын айтты. Соғысу керектігін алға тартты", – деп есіне алды қатысушылардың бірі Асхат Рахметов.

Терроршылар арасында жағдайы жақсы отбасынан шыққандар да болған екен. 

Мәселен, 28 жастағы Асхат Рахметов - елде шашка бойынша бұрынғы чемпион. Кезінде діни сектаға тап болып, радикалдар арасынан шыға алмай қалған.

Ал 33 жастағы Бақыт Қуанышбаев - үш баланың әкесі. Ол бесінші маусымды көзіне жас алып есіне алды.

[caption id="attachment_1350847" align="aligncenter" width="515"]Ақтөбелік терроршы: Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын (фото) БАҚЫТ ҚУАНЫШБАЕВ. КТК АРНАСЫНАН КАДР[/caption]

"Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын. Басынан сипай алмаймын, кәмпит бере аламаймын. Біреу ренжітсе, қорған бола алмаймын. Анашым, мені кешіре гөр, балаларыма қамқор бол", - дейді Бақыт.

Қылмыскерлер өз әрекеттері үшін кешірім сұрап отыр. Видеода қылмыскерлердің қанынан ішімдіктен бөлек ауыр психотропты препарат - амфетамин табылғаны айтылуда. Терроршылар болса, оның қалайша қандарында тап болғанын түсіндіре алмады.

[caption id="attachment_1350841" align="aligncenter" width="481"]Ақтөбелік терроршы: Мен енді балаларымды ешуақытта көре алмаймын (фото) АРСЕН ТАҢАТАРОВ. КТК АРНАСЫНАН КАДР[/caption]

"Бәрі эмоцияға берілді. Не істеп жатқанымызды ұғып жатпадық. Қалай болғанын түсіне алар емеспін. Бәлкім бәріміз су ішіп, құрмадан ауыз тигеннен кейін бе?", - дейді Арсен Таңатаров.