Танымал әнші Роза Әлқожа жантүршігерлік жол апатына ұшырады (фото)

Танымал әнші Роза Әлқожа жол апатына түсті деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты.

Ол отырған көлік көктайғақта жылқыларға келіп соғылған.

“Ғұмыр-сəт… Айдалаға жылқысын жайып жіберетін ағайындар бар болыңдар! Ақ қар, көк мұзда əрең келе жатып кенеттен атып шыққан үш жылқының ортасындағы биесін соғамыз деп еш ойламадық. Өзіміз аман қалғанымызға шүкір дедік”, – деп жазды ол.

Мұны естіген желі қолданушылары әншінің денсаулығына алаңдап, оған ақ жол тіледі.