Алматыда Назарбаевқа ескерткіш тақта орнатылды (ФОТО)

775
0
Бөлісу:

Алматы қаласында 1991 жылдың 10 желтоқсанында ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың инаугурациясы өткен республика Сарайына ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты, – деп хабарлайды Total.kz-ке сілтеме жасап «Қазақ Үні» ұлттық порталы.

«25 жыл бұрын қазақстандықтардың сенімінің арқасында Елбасымыз заманауи мемлекет құрған болатын. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына қосылды, ал Алматы – осы Тәуелсіздіктің «алтын бесігі» екенін мақтанышпен айтамыз», – деді Байбек.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

14 − 3 =