МЕКТЕПТЕГІ МЕДИЦИНА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНЕ БЕРІЛЕДІ

Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова телебайланыс арқылы өз  жұмысына есеп берді.  Шара барысында  министр  медициналық кө­мектің сапасы мен қолже­тімділігі, әлеуметтік ахуалды жақ­сар­ту мен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша атқарған жұ­мыс­тарын мәлімдеді.

Мектептегі медицина ден­сау­лық сақтау жүйесіне берілетін бо­лады. Мақсат – балалар ара­сын­дағы ауру­лардың алдын алу. Осы­ған орай, тиісті нормативтік-құ­қық­­тық актілер дайын­дал­ды. Оқу­шы­лар  шаршап, жүй­кесі жұ­қар­мауы үшін са­бақ уақытында әлсін-әл­сін жаттығулар жасап, жыл бойы сау­ық­тырып отыру­дың жол­да­ры қа­рас­тыры­ла­ды. Ұл-қызды уа­қы­ты­мен тек­серіп тұру үшін  ма­ман­дар бригадасы білім ошақ­тарын өздері аралайтын бо­ла­ды. Мек­тептерде дене бі­тімі мен көз на­шар­­лауының  алдын алу үшін дә­ру­­мендер беру, физиотерапиялық про­цедуралар жүргізу,  сүт өнім­­де­рімен қамта­ма­сыз ету негізгі жолға қойылады. Бұл жұмыс биылдан бас­талды. Қаң­тар-наурыз айла­рын­да 2,6 млн. оқушы про­фи­лак­ти­ка­лық тексеру­ден өтіп, 305,8 мың  оқушы дис­­пан­серлік есепке қойыл­ған. Алдағы  жылы мектеп ме­ди­цинасын дамыту мақса­тында  бюд­жет­тен 5,9 млрд. теңге қарас­ты­рыл­ғандығы шараға  баса көңіл бө­лін­гендіктің айғағы.

Скринингтік бағ­дар­ламаның тиім­ділігі анық­тал­ды. Болашақта ау­руды ерте кезеңде анықтау мә­се­ле­лері бойынша медицина қыз­мет­кер­лері қайта  оқы­тылып, ск­ри­нинг­­тік тек­се­руден өткен аза­мат­тар­ды бақылау мен есепке алу­дың ақ­па­раттық жүйесі құры­лады. Аза­маттар денсау­лығы жайындағы меди­ци­на­л­ық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталық­тарынан ала алады. Ал  ма­ман­дарға қаралу керек бол­са, халыққа қызмет көр­сету ор­талықтары электронды жү­йе ар­қы­лы дәрігердің бос уақыт­та­рын анық­тап, тір­кеуге қойып бе­ре­ді.

Бүгінде тағы бір түйіні қиын мә­­селе – тегін дәрі-дәрмек алу. Дис­­­пан­­серлік есепте тұрған ау­ру­лар­­ға жеңілдігі бар дәрілік зат­тар­ды беру про­цедураларын оңай­лан­ды­ру қа­рас­ты­ры­лу­да. Созылмалы ау­рулары бар пациенттер үшін тоқ­санына бір рет қымбат дә­рі­лерге ре­цептер жа­зылып беріледі.

Биылдан бастап «Ден­саулық» мемлекеттік бағ­дар­ламасы қарқын ал­мақ­шы. Бағдарламаның басты бағыттарының бірі – ал­ғашқы ме­ди­циналық-сани­тар­лық көмек  көр­се­ту. Мұн­да артериалдық ги­пер­тен­зия, созылмалы жүрек кемістігі жә­не қант диабеті бар сырқаттарды ем­деуге ба­са көңіл бөлінбекші.  Жиын барысында Тамара Дүй­се­но­ва кең таралған сырқаттарды емдеу ба­ры­сындағы көрсеткішке тоқ­тал­ды. Жобаны жүзеге асы­ру­дың нә­ти­жесінде, па­циен­ттердің 75 пайы­зын­да артериалдық гипертензия дең­гейінің көрсеткіші тұ­рақталып, ар­те­риалдық қы­сымды бақылау және ги­потензивті препараттарды тұ­рақ­ты түрде қабылдау машықтарының қа­лып­тас­уы байқалды. Созылмалы жү­рек кемістігі бар па­циент­терді ау­руханаға жат­қызу жағдайы 2 есеге азай­ды, – деді министр ханым.

Жиын барысында ми­нистрге  сұрақ-сауал жол­дауға  мүмкіндік туды. Тал­дықорған қаласынан сұрақ қойған Серік Шүйкембаев өзінің  инсульт алғандығын, дәрігерлердің арқасында бүгінде едәуір жазылып қалғандығын айтып, ме­ди­цина қыз­мет­керлеріне ал­ғысын білдірді. Сондай-ақ, ол оңалту орталығы ар­қы­лы тағы көмек алғысы ке­ле­­тінін айтты.  Министр Та­мара Дүй­се­нова оған Ас­та­на қаласында емделуге мүм­­­кіндік туғызатынын жет­кізді.

Есеп беру жиынында «Жол кар­тасы» бағдар­ла­масын  жүзеге асы­ру шара­лары жайы да ай­тыл­ды. Осы мақсатта 5 үйлестіру кеңесі құ­рылып, оларға жа­уапты рес­пуб­ли­калық ден­саулық сақтау ұйым­да­ры анықталды.

Жедел медициналық кө­мек көр­се­тудің екі сатылы біріктірілген үл­гісін құру жос­парланып отыр. Бі­рінші, жергілікті деңгейде жедел кө­мек пен сана­виа­цияның бірыңғай қыз­меті құрылады. Оған облыстың са­­навиациясы, ауданның, қала мен ауылдық жер­лер­дегі жедел көмек стан­сы­ла­ры кіреді. Екінші, рес­пуб­­ликалық деңгейде қызмет құ­ра­мына санавиация, ав­томат­тан­ды­рыл­ған GPS жү­йе­сі мен теле­ме­ди­ци­насы бар жедел көмек қыз­ме­ті­нің бірыңғай диспетчерлік қыз­ме­ті кірмек.

Жоғары оқу орын­да­рын­да  кадр­­ларды даярлау сапасын арт­ты­ру мақ­са­тын­да әлемдегі 500 үздік уни­верситеттерден әріп­тес­тер­ді шақырып,  жұмыс жүр­гі­зі­луде. Олар: АҚШ, Ұлыб­ритания, Гер­ма­ния, Оң­түс­тік Корея, Фин­ляндия жә­не т.б. елдердегі меди­ци­налық мек­тептер. Сондай-ақ, ағым­­дағы жыл­ғы қыркүйек айынан бас­тап 6 ме­ди­ци­на­лық колледжде мейір­би­ке­лерді даярлаудың фин­дік үлгісі ен­гізілетін болады.

Шара барысында жыл соңына дейін мүдделері бір қыз­мет­тердің өзара қарым-қатынасы жандан­ды­ры­лып, білім жүйесі, ден­саулық сақтау саласы, әлеуметтік қор­ғау мен пробация қыз­меті мамандарын оқыту ұйымдастырылатындығы айтылды.

Гүлжан Тұрсын