ЕЛІМІЗДІ ЕЛДІККЕ БАСТАҒАН ЕЛБАСЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН!

 

Тұңғыш Президент мерекесі күні  дана Нұрсұлтанға

бала Нұрсұлтанның  ақ тілегі

Т ә у е л с і з д і к т і ң 2 5  жылдығы қарсаңында ерекше тебіреніп отырған жайым бар.  Себебі, мен – Тәуелсіздіктің құрдасымын.

nazar93_01_1_1

  Биыл жаз айында жұлдызым оңымнан туып, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасының орыс тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша біліктілігімді арттырудың сәті түсті. «Бұлақ көрсең көзін аш» деген сөз бекерге айтылмаса керек. Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Тарихи өлшем тұрғысынан алғанда бұл болмашы ғана уақыт. Алайда ғасырлар бойына азаттықты аңсап, еркіндік деп екпіндеген халқымыз осы жылдар аралығында егемендікке қол жеткізіп, қуатты мемлекетті құрып үлгерді. О баста жас республиканың болашағына күмәнмен қарап, «он-ақ жыл өмір сүреді» деп пікір білдірген батыс саясаткерлерінің болжамы болса, жоққа шықты. Әрине, 25 жылда жүріп өткен жолымыз тақтайдай тегіс болған жоқ. Керісінше, халқымызға талай тар жол, тайғақ ке­шуге, небір қиындықтарға төзуге тура келді. Азаттықтың  а л ғ а ш қ ы ж ы л д а р ы н д а ғ ы  қиындықтар абдыратқанымен, ашуын ақылға, сенімсіздігін сабырға жеңдіре білген жа­сампаз жұртымыз бір адамдай еңбекке жұмылып, еліміздің еңсе тіктеуіне жол ашты. Аз уақыт ішінде мемлекетіміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жүзеге асты. Қазақстанда барлық ин­ституттар құрылып, экономика жан-жақты дамыды. Жиырма бес жылда бұқара халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін еліміздің шекарасы шегенделіп, елдің тұтастығы мен отанымыздың тыныштығы қамтамасыз етілді.  Мұндай жетістіктердің ба­сында Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Н ұ р с ұ л т а н  Ә б і ш ұ л ы  Назарбаевтың тұрғандығы өзіміз де, өзге де мойындаған ақиқат! Р а с ы н д а , Т ә у е л с і з Қазақстанның қалыптасуынан бастап, мемлекеттік дамудың  д а ң ғ ы л  ж о л ы н а  т ү с у і  Н.Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені дау­ сыз. Сондықтан да былтырғы жылы Парламент қабылдаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігінің 20 жылдығы декларация­сында: «Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арма­ н ы  б о л ы п  к е л г е н  е г е м е н Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы  1-желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен іске асты. Республика Президентінің жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және ә л е у м- е т т і к  р е ф о р м а л а р  жүзеге  асырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаев  х а л ы қ т ы ж а р қ ы н  і с т е р г е  ж ұ м ы л д ы р у , қ о ғ а м д а ғ ы  т а т у л ы қ  п е н  к е л і с і м д і нығайту,  бүкіл  халықаралық  қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған ж а һ а н д ы қ  ж ә н е  ө ң і р л і к  бейбіт  бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Мемле­кет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік  экономикалық  сілкіністерге  ұшырамай,  дербес  дамудың  өтпелі  кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу  мен өркендеу жолына шықты» деп жазылды. Сондықтан да, Қазақ­станның Тұңғыш Президенті күнін атап өту дұрыс шешім деп ойлаймын. Себебі, мемлекетті  қалыптастырудың  бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау,  еге­мен елдің іргетасын қалаған тұлғаны ардақтау әлемнің бірқатар елінде, оның ішінде де өркениетті елдерде бар дәстүр. Мысалы, АҚШ-та сонау  1880 жылдан Президент күні тойла­нып келеді. Тәуелсіздік үшін төңкерісте қолбасшы болған Джордж Вашингтонды халық ерекше құрметтеп, оның туған күнін елдік деңгейде атап өтуді жөн санайды. Т ә у е л с і з д і к т і ң 2 5  жылдығы қарсаңында ерекше тебіреніп отырған жайым бар.  Себебі, мен – Тәуелсіздіктің құрдасымын. Мен туғанда ата-анам атымды ырым­дап Нұрсұлтан деп қойды. Жоғарыда Елбасымыз тура­лы ерекеше ықыласпен текке айтып отырғаным жоқ.  Мен де Нұр-атамдай әлемге қазақ атын жайғым келеді.  Дербес Қазақстанның  дамуына сүбелі  үлес қосу, егеменді елдің бетке ұстар азаматы болу – менің басты арманым. Осы арман жолында еш аянбаймын. Өз басым 9 жыл ішінде бір емес,  үш мамандықтың иесі атандым. Бүгінде ұлттық компанияның  о р т а л ы қ  а п п а р а т ы н ы ң  менеджерімін. Осы ретте, ерек­ ше қарқынмен өркендеп келе жатқан мемлекеттің  мерейін көтеріп,  байрағын желбіретер  Т ә у е л с і з  Қ а з а қ с т а н н ы ң  құрдастары екені айқын.  Сол себепті де біз мұндай мәртебелі  іске әрқашанда әзірміз. Бүгінде Қазақстанды әлем тануда. Жаңа дүние, жаңа қоғамға бет бұрдық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың нұрлы жолы­ мен болашаққа  нық басайық! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктей берсін! nursultan-bala-kopiya Нұрсұлтан ЕСЕНБАЙҰЛЫ