Берік Дүйсенбинов: Алаш идеясын бүгінгі заман талаптарына сәйкес жаңғыртуымыз керек

a656eba4-fe53-4c0a-b67c-83a0336cadae Алаш идеясын бүгінгі заманның талаптарына сәйкес жаңғырту – «Ақ жол» партиясы қызметінің басты бағыттарының бірі – бұл туралы Берік Дүйсенбинов өткен аптада Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы құрметіне және Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай әкімшілік пен Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған «Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік құндылығы» атты ғылыми-практикалық конференцияда мәлімдеді. bez-nazvaniya-1 Өз сөзінде депутат Дүйсем­бинов «Алаш» қозғалысы мен оның көшбасшысы Ә.Бөкей­хан­­ның шығармашылық мұ­ра­сын және принциптік көз­­­қа­растарын насихаттау бойын­ша «Ақ жол» партиясының жұмысы туралы баяндап берді. «Біздің партия өзін ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының ізбасары деп есептейді. Ұлттық мемлекеттің қалыптасуының іргелі негіздерін қалаған және әлемдік өркениеттің ең жақсы жетістіктерімен ұлттық мүдделерін ұштастыру не­гізінде еуропалық жолмен қазақ қоғамының жаңғыртуын өз мақ­саттары етіп қойды. «Алаш» қозғалысының базалық құндылықтары – ұлттық дербестік, либерализм, демократия, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, өнімді нарықтық экономика, этностар мен діндердің тең құқықтылығы – біздің бағдарларымыз болып табылады. Бұл біздің жаңартылған саяси бағдарламада белгіленген, – деп атап өтті. – Біз өз мемлекетімізге, халқымызға, тарихымызға деген құрмет негізінде ұлттық мүдделерді қорғаймыз және дамытамыз. Әлиханның арманын іске асыру барысында Қазақстанды көптен күткен танымал ету мақсатына жеттік. Осы тақырыпта конференциялар, іс-шаралар тек бізде ғана жүргізілмейді – олар Түркия, Ресейде де ұйымдастырылады. Жақын арада Санкт-Петербург қаласының Таврия сарайында салтанатты түрде Ә.Бөкейхан­ның бюстінің ашылу рәсімі өтеді.Осы салтанатты рәсімге Қазақстанның ресми делегациясының құрамында біздің партиямыздың төрағасы Азат Перуашев та қатысады». Депутат партияның осы бағытта іске асырылған бас­тамалары мен іс-шараларына тоқталды. «Ақ жол» ҚДП 2015 жыл­дың қарашасында Әлихан Бөкейханның 150-жылдығы құрметіне арналған іс-шараларын жалпыұлттық деңгейде ұйымдастыру жөнінде ҚР үкіметіне депутаттық сауал жолдағанын және оны қолдаған жауап алды. Содан кейін көп кешікпей ЮНЕСКО-ның Бас Ассамблеясы Әлихан Бөкейханның мерейтойлық іс-шараларына халықаралық мәртебе беру және оны ЮНЕСКО шеңберінде өткізу туралы қарар қабылдады, – деп еске салды Дүйсембинов. – Ал 2012 жылдан бастап біздің партия жыл сайынғы «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық байқауды дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Биыл бұл байқау аса көрнекті мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының негізін қалаушы әрі жетекшісі Әлихан Бөкейханға арналды. Байқауға аталған тақырып бойынша «Алаш» мұрасына қызығушылық танытатын, ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысатын жасы 18-ден 35 жасқа дейінгі қазақстандық және шетелдік ізденушілер қатысады. Байқауға қазақ, орыс тілдерінде, сондай-ақ Қазақстанның басқа этнос­тарының тілдерінде жұмыстар қабылданады.Шетелдік ізденушілерге де өз қалауы бойынша тіл таңдау мүмкіндігі беріледі. Байқаудың жүлде қоры биылғы жылы 4 миллион теңгені құрайды. Үздік жұмыстар арнайы кітапшалармен шығарылып, лауреаттары арнайы естелік белгісімен марапатталады». Депутат партияның соңғы бастамалары, «Ақ жол» «Қазпошта» АҚ басшылығына Әлихан Бөкейханның 150 жылдығының құрметіне пошта маркасын шығару туралы ұсыныспен шыққаны туралы айтып өтті. Бастамалар қолдау тауып, марка да мерейтойлық мо­нета да айналымға шығарылды. «Біз «Алаш» идеяларын дәріптеу және ілгерілету бойынша жұмысты жалғастырудамыз, – деп толықтырды депутат. «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі qazaquni.kz