Де-индустрияландыру Қазақстан экономикасына қауіп төндіреді

bez-nazvaniya Азат Перуашев де-индустрия­ландыру (өнеркәсіптің тұтастай салаларын жою), Қазақстан экономикасына қауіп төндіреді деп есептейді. Бұл туралы фракция көшбасшысы Мәжілісте республикалық бюджетті талқылау барысында мәлімдеді. Депутат атап өткендей, біздің министрліктер индустрияландыру бағдарламасы, бизнестің жол картасы, АӨК дамыту экономикасын жаңа субъектілерді құру тұрғысынан емес, тек бөлінген бюджет қаражатын игеру жағынан ғана қарастырады. Сондықтан тиімсіз және іске аспаған жобалар көп. «Өндірістік экономикадан бас тартып, сервистік экономикаға басымдылық беру – бұл Үкіметтің ойластырған таңдауы шығар. Бірақ кез-келген экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін, олардың даму қарқыны тұрақты озып және қалған секторларды соңынан сүйрейтін қозғаушы күш қажет. Біздің жағдайда мұндай қозғаушы күш қайда? Өсу деңгейі 9-10% болатын салалар қайда? Бүгінгі күні біз оларды көріп отырған жоқпыз. «Бюджеттен мол қаржы бөлін­ген­мен мұндай де-индустрия­ландыру (бүтіндей өнеркәсіп салаларын жою)» саясаты экономикамызға қауіп төндіреді» деп атап өтті ҚДП же­тек­шісі. Сондықтан, «Ақ жол» шағын және орта бизнесті қолдау ша­раларының және өңдеуші кәсіп­орын­дардың жойылатын салықтық преференциялар орнына ауыстырылуын табанды түрде талап етеді. А.Перуашевтың пікірі бойынша, дағдарысқа қарсы саясаттың стратегиялық желісі ретінде мәлім­делген және салықтық жеңілдіктерінің өзін-өзі қысқарту принципі орталықтандыруға қарама-қайшы келеді: «Орталықтандыру дағдарыс кезінде бизнеске салықтық жүктемені азайтуды, және «табысты» деп аталатын жылдары оның өсуін білдіреді. Біз әзірге онсыз да әзер жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға фискалдық орындардың қысымын ғана көріп отырмыз» деді Перуашев. «Ақ жол» көшбасшысы өте жағымсыз үрдістер байқалған қазақстандық қамту мәселесі туралы да еске салды. Сонымен, сатып алудағы жүйе құраушы кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті қамту үлесі 16,4%-дан 10,5%-ға төмендеді. Мемлекеттік органдар бұл жағдайды ҚР-ның ДСҰ-ға және ЕАЭО-ға енуімен байланыстырды. Ал, халықаралық тәжірибеде, ДСҰ елдерді қоса алғанда бұл бағытта балама шаралар жетерлік. Оны зерделеп, зерттеп енгізу туралы Президент Н.Назарбаевтың Үкіметке бірнеше рет тапсырма берген болатын. «Бұл шаралар қайда? Біздің фракция бірнеше рет енгізген мұндай ұсыныстарды қол­дамайсыздар да және өздеріңіз де бастамашылық көрсетпейсіздер» деді А.Перуашев министрлерге. Сондай-ақ «Ақ жол» банк секторына қатысты көзқарасты өзгерту қажет деп есептейді. Банктердің бар қызметін 8 жыл бойы қолдап келдік, енді сол банктердің өндірістік саланы несиелендіретін мезгілі келді. 2015 жылы берілген кредиттер көлемі 12%-ға қысқарып, ал депозиттер көлемі 36%-ға өсті. Жыл басынан бері сауда және қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы саласындағы несиелендіру өсті, бірақ өндірістік кәсіпорындарды несиелеу әлі мардымсыз күйде қалып отыр. «Ақжолдықтар» өнеркәсіп салаларындағы банктердің кредит саясатын жандандыру бойынша Ұлттық банк пен Үкіметтің мақсатты бағдарлама қабылдауды ұсынды. «Несиенің өзі басты мәселе емес. Батыс экономистері К.Фримен мен М.Абрамовиц экономикалық өсудің тек 15%-ы ғана капитал және еңбекпен қалыптасады, ал 85%-ы технологиялардың дамуынан және өнімділіктің өсуіне байланысты қамтамасыз етіледі деген екен. - Осындай есеп айырысуларын келтіре отырып, кредиттер де – дұрыс таңдау емес екендігін атап өтті А.Перуашев. - Алайда, ұлттық инновациялық жүйенің және «төртінші индустриялық революциясы» сияқты бюджетте бұл бағыт тек қана оқшауланған институттар мен бағдарламалар ретінде қозғалған». «Қандай «төртінші индустрия­лық революция» туралы айтуға болады, егер индустрияның өзіне біз еш қолдау көрсетпесек? – деп шамданды А.Перуашев. – Ел алдында де-индустрияландыру қауіпі төніп тұр. Бұл – Қазақстан экономикасына тікелей төнген қауіп». «Шынайы түрде өндірістің өнімділігін арттыру үшін институттар мен бағдарламалар емес, нақты жұмыс істейтін кәсіпорындар мен тұтас салалар керек. Бұл бүгінгі өмірдің және ертеңгі күннің ғана мәселесі емес, себебі алдыңғы қатарлы компанияларсыз тіпті ең білімді жастар да өзіне қолдау таба алмайды». Осы орайда, «Ақ жол» ҚДП фрак­циясы бюджетке байланысты ұсынылған ескертулерін назарға алуды сұрады. Сондай-ақ, Үкіметтің ел экономикасына тікелей жауапты екенін еске салды. «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды бағдар­ламасын жүзеге асыру және қатардағы қазақстандықтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғас­тыруда. «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі qazaquni.kz