Алматы облысының әкімдігі жиырма бес жас отбасын құттықтады

856

Бүгін Алматы облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» акциясы басталды. Акция биылғы жылы шаңырақ көтерген облыстағы 25 жас жұбайларды құттықтауға арналған «Мәңгілік ел – мәңгілік отбасы» атты шарамен басталды. Шара Талдықорғандағы Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті.

Жас отау иелерін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтады.

Сондай-ақ 66 жылдан бері бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан 90 жастағы Нұрмұханбет Есжанұлы мен Дәріхан Байжібекқызының құттықтауы жастар үшін ерекше сый болды. Олар 6 бала, 12 немере, 14 шөбере сүйіп отыр. Жастарды құттықтаған Нұрмұханбет ата еліміздің ертеңі жас буынның қолында екенін, тынбай еңбектеніп, көп оқу керектігін, шаңырақ бірлігін көздің қарашығындай сақтау қажеттігін баса айтты.

Шара соңында жас жұбайлар бейбітшілік пен сүйіспеншіліктің белгісіндей болған көгершіндерді көкке ұшырды.

Қатысушыларға облыс әкімінің атынан гүл мен естелік сыйлықтар тапсырылды.