Қазыбек Иса. Павлодарда тоқтап қалған трамвайларға Рузаның қатысы жоқ…

1365
5
Бөлісу:

Павлодарда  бірнеше трамвай тұрып қалды…    Бірақ бүған   қазақ тілі үшін кеудесімен трамвай тоқтататын Рузаның қатысы жоқ…

 

ruza_beysenbaytegi

Павлодарда 1 мамыр көшесі бойында бірнеше трамвай тұрып қалып, «кептеліске» себеп болды, деп хабарлап жатты Қазақ радиосы

Осы хабарды есіткендердің бәрінің көз алдында қазақ тілі үшін кеудесімен трамвай тоқтатқан Керекудегі Руза Бейсенбайтегі елестегені анық… Шынында да бұл жолы күрескер қазақ қызының қала трамвайларының тоқтап қалуына еш қатысы жоқ…  Өйткені ол кеше Павлодардағы төлқұжат ауыстыру мекемесінде  қазақ тілінің неге жоқ екенімен айқасып келіп, енді бүгін қала көлігі толық қазақша қызмет көрсетуі үшін (жүргізушілер, кондукторлар) «Автокомбинат» деген автопарктің масқара шовинист қожайынын сотқа беруге  адвокат және қаржы іздеп жүр… Яғни, трамвайдың алдына шығып тоқтатуға уақыты жоқ.

Керекулік намысы бар жігіттер болса,  облыстағы тілге байланысты бар шенеуніктің жұмысын жалақысыз жалғыз өзі атқарып жүрген Рузаға көмектеседі деп ойлаймын.

Әйтпесе, Руза Бейсенбайтегі  қақаған аязыңнан да, аяздан да бетер жүректі қаритын Керекудегі кері кеткен шовинистер мен нигилистердің  суық қабақтарына  пысқырып та қарамайды…

Ал трамвайлар аяздан қатып, тоқтап қалған…

Руза бірақ  ешқандай аязға  тоқтамайды және оны ешкім тоқтата алмайды.

Себебі  оның жүрегінде Тәуелсіздіктің оты лаулап түр..

 

Қазыбек ИСА
qazaquni.kz

 

tramvay-pavlodar

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. admin 17 Қараша, 2016 12:02 Жауап

    Қазыбек Иса. Павлодарда тоқтап қалған трамвайларға Рузаның қатысы жоқ…
    Павлодарда бірнеше трамвай түрып қалды… Бірақ бүған қазақ тілі үшін кеудесімен трамвай тоқтататын Рузаның қатысы жоқ…
    http://www.qazaquni.kz/2016/11/17/60702.html

  2. Қыр қазағы 17 Қараша, 2016 13:48 Жауап

    «Сәтін салса құдайым» дегенді қоссақ, тегінде, жаны бар сөз. Тек – амандық болса, бұйыртса, реті келсе. Бір келіншектің қаласында күрескер болуы қалған бірқатар атпал азаматтардың одақтастық тантыпауы ерсі іс екен. Масқара.

  3. Жұлдыз 17 Қараша, 2016 14:11 Жауап

    Павлодарда осы кисини колдайтын биликте намысты азаматтын жок болганы ма? Ол киси канша курескер болса да ет пен суйектен жаралган гой. Темир екеш темир де тозады емес пе?
    Руза апайым-ай!!!

  4. Руза 17 Қараша, 2016 20:36 Жауап

    Қатырдыңыз, Қазеке бауырым! Тура қарап отырсам, өзім бір «юбкадағы батыр» болып кеттім). Бұл түріммен ешкімді де пысқырмауым мүмкін сияқты). Бірақ өз өзімді білемінғой, батырлығым) қайдан тіреу алатынын. Ертең-ақ, бірдеңе болып жатса, Қазекедей бауырларымнан көмек сұрап, нәтижесінде негізінде ұпайым (қазақ тілінің ұпайы) түгел болып жататыны

  5. Алпысбай 18 Қараша, 2016 17:30 Жауап

    Айналайын балам-ай! Сені дүниеге әкеліп, осындай етіп тәрбиелеп өсірген ата-анаң қандай асыл жандар еді! Ар-намысыңа ақылың серік болсын, қалқам!

Пікір немесе жауап жазу

үш + он бес =