Универсиадаға БАҚ өкілдерін тіркеу басталды

XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың өту барысын насихаттайтын БАҚ өкілдері үшін аккредитацияға өтініш қабылдау басталды. БАҚ аккредитациясына өтініштер 2016 жылдың 29 желтоқсанына дейін қабылданады. Халықаралық және отандық БАҚ өкілдері үшін аккредитациядан өту Ойындардың almaty2017.com ресми сайтында  орналасқан «БАҚ аккредитациясы» бөлімінде жүзеге асырылады.

Тіпкелушінің аккредитациядан өткендігі туралы мәліметті электронды поштасына келетін ресми растау арқылы білуіне болады.

Аккредитациядан өткен шетелдік БАҚ өкілдері үшін виза алу жолдары жеңілдетіледі. Бұл үшін олар  аккредитациядан сәтті өткенін растайтын жазбаны өз еліндегі Қазақстан Республикасының елшілігіне көрсетуі тиіс.

Жарысқа және Универсиаданың басқа да шараларына бару үшін тіркелуші өз есімі жазылған бейджді Алматы қаласы, Байзақов 280, 1-қабат  («Almaty Towers») мекенжайында орналасқан Аккредитация ортағына барып алуы қажет.

Аккредитация орталығы 2017 жылғы 10 қаңтар мен  8 ақпан аралығында сағат 9:00 мен 21:00 аралығында жұмыс істейді. Ойындар уақытында 8 баспасөз-орталығы жұмыс істейді. Қосымша ақпаратты + 7 727 2647113, + 7 727 2646737, + 7 727 2647112, +7 727 3132358 телефондары арқылы немесе pressaccreditation@almaty2017.kz электронды поштаға хат жазу арқылы алуға болады.