Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Исламға шапан жауып, басына бөрік кигізді (фото)

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Исламға шапан жауып, басына бөрік кигізді (фото)

Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Исламды жеңісімен құттықтап, шапан жапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Еске сала кетсек, 29 қазанда "Алматы-Арена" кешенінде өткен кездесуде қазақстандық боксшы Қанат Ислам қарсыласы ганалық Патрик Аллотейді ұпай санымен жеңген болатын.

Кейін боксшы ганалық Патрик Аллотейді құлата алмай, жекпе-жектің неге 12 раундқа созылғанын түсіндіріп берген.

Фото Берік Сұлтанның Фейсбук парақшасынан алынды