Илья Ильин мемлекеттік қызметке ауысып кетті

Допингпен ұсталған әйгілі Илья Ильин зілтемірді тастап мемлекеттік қызметке ауысып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Илья Ильин мемлекеттік қызметке ауысып кеттіДәлірек айтқанда, Илья Ильин Спорт министрлігіне қарасты Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы басшысының кеңесшісі болады. Яғни, атақты зілтемірші спортшыларды халықаралық жарыстарға  дайындауға көмектеспек.

Сөйтіп зілтемір мен спортзалды шенеуніктің жайлы орынтағына ауыстырған Ильинге бірер күндікте жаңа қызметке алынғаны туралы бұйрық шығып, ұжымға таныстырылмақшы. Айта кетсек, Ильиннен өзге Спорт министрлігі допингпен ұсталып барлық жарыстардан шететілген  Светлана Подобедова мен Жасұлан Қыдырбаевқа да жұмыс қарастырып жатыр екен.