Пара беріп жұмысқа кірген адамның айлығы харам ба?

05-11-2015-parakorlyk-01

Алдымен мынаны айта кету керек: Шариғатта пара беру - харам. «Ар-Раши уәл Мурташи фин нар» деген Пайғамбарымыз. – «Пара берген де, пара алғанда тозақта».

Кей жағдайларда болмаса (мысалы, ақысына қол жеткізу тек пара беру арқылы болып жатса, рұқсат. Онда да, бұл өзгенің ақысын жеп, ала жібін аттауға әкеліп соқпауы керек. Және де, малын, жанын арашалап қалу немесе зұлымдықты бейтарап ету сияқты мәжбүр жағдайларда болады), жалпы алғанда пара беру де, пара алу да Исламда ауыр күнә. Риуаяттарға қарағанда, сахаба Абдулла ибн Мәсғуд Эфиопия жерінде әлдебіреулердің жауыздығынан екі динар ақша беріп құтылғандығы айтылады. Әрі былай деген: "Мұндай жағдайда, күнә алушыға болады, берушіге емес".

Сондықтан да, басқа жұмыстарды қарастырған дұрыс. Әйткенмен де, сан-саққа жүгіріп, отбасы нәпақасын табатын басқа жұмыс табылмай жатса, амал жоқ, күнә пара алушыға болмақ.

Ал, алған айлығы істеген жұмысының ақысы болғандықтан, онысы - адал.  Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

Өсімқорлықтың жанында, жемқорлық пен парақорлық та мемлекет экономикасының берекесін қашырып, тіпті, сал болып қалуына әкеп соғатын індеттердің бірі. Қазіргі таңда қоғамымызда кең етек алған мұндай оғаш қылықтарды болдырмау үшін еліміздің әрбір азаматы, әрбір жекелеген адам отан алдындағы жауапкершілігін сезініп, аталмыш харам істерден бойын аулақ ұстаулары тиіс.

Абдусамат Қасым,