Ашытқы зауытының ащы зары

591999 Мәжілістің соңғы пленарлық отырысында «Ақ жол» фракциясының мүшесі Берік Дүйсенбинов ашытқы зауытының ащы проблемаларына байланыс­ты мәселені қозғады. Осы жылдың 23-ші маусы­мында «Ақ жол» фракциясы, Қазақ­стандағы тағамдық ашытқы өндіру саласындағы жалғыз отандық өндіруші – Алматы ашытқы зауы­тын қорғап, депутаттық сауал жолдаған еді. Аталмыш ком­пания 40 жылдық тарихы бар ауылшаруашылық өңдеушісі болып табылады, өйткені шикізат ретінде қант қызылшасының қалдықтарын қолданып, нан тоқаш пісіруге қолданылатын ашытқы жасайды. Осы ашытқымен піскен нан әр Қазақстандықтың дастарханында тұр десек артық айтпаймыз Бірақ, белгісіз себептермен, ААЗ 70% дейін азайтылған арнайы салық режиміне кіретін ауылшаруашылық өнімдерін өңдеушілердің қатарына кірмей қалды. ashytkyБелорусия мен Ресейдің осындай ұқсас өнім өндіруші компаниялары базалық 18%ставкадан жеңілдетілген ставкамен ҚҚС 10% төлеп отырған кезде, ААЗ толық көлемде 12% ҚҚС төлеп отыр. Осының салдарынан отан­дық ашытқы сырттан келген бәсе­келестерімен ішкі нарықтан ығыстырылуда. «Әр қазақ менің жалғызым» де­мекші, «Ақ жол» фракциясы үшін әрбір отандық өндіруші қымбат! Оның үстіне ААЗ отандық өндірістегі бүкіл бір сектордағы жалғыз тұрған мекеме! Осы орайда тағамдық ашытқы өндіруді ҚР Салық кодексінің 267-бабы,2-тармағы бойынша жеңілдетілген бағыттарының қатарына қосуды ұсынған едік. Өкімет өзінің жауабында ӘСҰ (ВТО)ның талаптарына сүйене отырып, жоғарыдағы мекемені қолдаудан бас тартқан еді. Дегенмен, ӘСҰ-ның барлық мемлекеттері өздерінің кәсіпорын­да­рын қолдаудың амалын ойлап табуда. Сонау 2012 жылы Елбасымыз Өкіметке халықаралық тәжірибені зерттеп, отандық өндірушілерді қолдау шараларын ойластыруды тапсырып еді, әлі күнге дейін басқа тапсырмаларында да осыны қайталауда. Сұрақ: Өкімет салықтық ынта­ландыруға байланысты қандай қолдау шараларын жасап шығарды және осы саланы қолдау үшін не істемек ойлары бар? «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі qazaquni.kz