Белгілі айтыскер ақын Айбек Қалиев депутат болды

Айтыскер ақын Айбек Қалиев Арқалықтың мәслихат депутаты болды деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Картинки по запросу айбек қалиев

«Елі сүйген, халқы сенген Айбек Киікбайұлы жерлестерінен қолдау тауып, халықтың 72,5 пайыз дауысын жинап, Арқалық қаласы мәслихатының депутаты атанып отыр. Биылғы жылдың наурызында Айбек ағайымыз Арқалық мәслихатына депутат болу үшін құжаттарын тапсырған еді, бұрынғы қала басшысы ортаға ананы, мынаны салып жүріп, ақ адал азаматтың алдын бөгенген еді. Енді міне жарық күн туып, әділдік орнап, Арқалыққа жаңа басшы келген шақта, ұстазымыз халықтың сөзін сөйлеу үшін мәслихаттың ісіне араласқалы жатыр... Сіздің әділдігіңізді, қайраткерлігіңізді білеміз. Ел сізге сенеді», - деп жазды Тоқтарбай әлеуметтік желіде.

Еске сала кететін болсақ, жақында ғана Айбек Қалиевке «Профессор» академиялық атағы белген болатын.