Еліміздің шекара қызметі ондаған миллион долларлық VIP ұшақ сатып алмақшы

Қазақстанның Шекара қызметі қараша айында Sukhoi Super Jet 100 VIP ұшағын сатып алмақшы деп хабарлайды NUR.KZ порталы superjet100.info сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің шекара қызметі ондаған миллион долларлық VIP ұшақ сатып алмақшыБұл туралы журналистерге Біріккен авиақұрастыру корпорациясының азаматтық авиация вице-президенті Владислав Масалов мәлімдеді.

"Қазақстанға VIP-нұсқадағы SSJ-100 ұшағы алынатыны рас па" деген журналистің сауалына ол "Иә" деген жауап қатқан.

Масловтың айтуынша, ондай ұшақтың тек бір данасы ғана Қазақстанның шекара қызметі мүддесі үшін алынатын болады. Ұшақ жоспар бойынша қараша айының соңында алынады.

Бүгінде Ресей тарабы аталмыш SSJ-100 VIP ұшағының үш данасына тапсырыс берген. Тағы екі ұшақты Таиланд Әуе күштері сұратып отыр.

Айта кетерлігі, қарапайым SSJ-100 ұшағы шамамен $34 млн тұрады, ал VIP-нұсқасының құны тапсырыс берушілердің талғамына орай еселене түседі.