Ақтөбедегі теракт. Журналистер аса құпия құжатты қолға түсірді

1867
0
Бөлісу:

«Эврика» газетінің тілшілері биыл жазда Ақтөбеде болған терактінің айыптау қорытындысын қолға түсіріп, БАҚ-та жариялап жіберді.

Сөйтсек елді дүрліктірген Ақтөбедегі терактіні ұйымдастырушы басты адам Дмитрий Таңатаров екен. Ол — Ақтөбе тұрғыны.

2009 жылдың басында исламды қабылдаған Таңатаров кейін діни білімін жетілдірген, сөйтіп интернетте жарияланған діни мазмұндағы мақалаларды оқи бастаған. Прокурорлардың пікірінше, мұнымен тоқтамаған Таңатаров исламдағы радикал көзқарастарды үгіттейтін сайттарға басымен кіріп кеткен. Оған Telegram желісінде «Апсон Напос» деген логинмен тіркелуі де айғақ бола алады екен.

«Халықаралық террористік ұйымдардың басшылары мен жетекшілерінің ультрарадикал көзқарастарын қолдай отырып, ол «салафи жиһади» бағытының ұстанушысы болған, содан ол «қарулы жиһадқа» қатысуды ұйғарады. Таңатаров қылмыстық ниетін «салафи жиһади» бағытын ұстанушы таныстарымен, діни радикализм ұстанушысы Арман Айтуғанмен бөліседі, сөйтіп олар жиһадқа қатысу туралы шешім қабылдайды», — делінген қылмыстық құжат материалдарында.

Дегенмен Таңатаров пен Айтуған Сирияға барып, мүдделес қауымына қанша қосылғысы келсе де бұл мақсаттарын әлеуметтік және басқа да жағдайларға (төлқұжаттарының болмауы, жолға қаражатының жоқ болуы) байланысты орындай алмаған.

«Тергеудің келтірген дерегі бойынша, Таңатаров пен Айтуған қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың мамырында өздерінің террористік тобын құрған. 2016 жылдың 22-мамырында олар, айыптау интернетте «Дабы выжил тот, кто выжил при полной ясности» деген атауы бар «Әбу Мұхаммад әл-Аднани» аудиожазбасын тыңдап, теракт жасау — дұрыс шешім деген пікірге келеді. Осыдан кейін Таңатаров пен Айтуған бұл туралы аса құпия жағдайда «салафи жиһади» бағытын ұстанатын Сұлтан Қабиевке айтады. 18-жастағы Қабиев олардың қылмыстық ниетін қолдап, 2016 жылдың маусымында бұл террористік топтың құрамына кіреді», — делінген „Эврика„ газетіндегі мақалада.

Ары қарайғы жағдай белгілі. Террористік топтың мүшелерін қаруландыру және ары қарай террористік акт жасау үшін Таңатаров, Айтуған және Қабиев «Паллада» қару-жарақ дүкеніне жасалатын шабуылдың жоспарын құрады. Осы мақсатта 2016 жылдың мамырында Таңатаров «Паллада» дүкенінде болып, оның ішкі орналасуын, сатушылардың қанша екенін, қару-жарақтың қайда және қалай сақталатынын анықтайды. Кейін Таңатаров, Айтуған және Қабиев осы дүкенге қарақшылық шабуыл жасаудың жоспарын құрып, өз әрекеттерін ақылдасады.

5-маусымда шамамен түскі сағат 12.00-де ислам дінінің жалпы негізін ұстанатын және «салафи жиһади» дәстүрлі емес бағытын қолдайтын 44 адам пәтерде жиналады. Алайда жиналғандардың ішінде 22 адам жиһадқа қатысудан бас тартып, кетіп қалады. Бірақ олар террористік топтың қарулы жиһадқа жиналып жатқанын біле тұра, құқық қорғау органдарына хабарламаған екен.

Қазір оларға дайындалып жатқан террористік акт жайында хабарламау бойынша айып тағылып отыр. Олар да сотталушы ретінде сотта отыр. Қалған 22 адам, айыптау құжатына сәйкес, құқық қорғау органдарына қарсы қарулы жиһадқа қатысуға өз еріктерімен келісім берген.

2016 жылдың 5 маусымында сағат шамамен 14.23-те топ «Паллада» қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалады. Ақтөбелік жиһадшылар қаруланғаннан кейін дүкеннен жүгіріп шығады. Кейін олар «Пантера» деген тағы бір қару-жарақ дүкенін тонаған. Атыс салдарынан лаңкестердің қолынан Ақтөбенің 7 жеті тұрғыны қаза тапқан.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

1 × үш =