Кулагиннің ұлы президент әкімшілігіне қызметке тұрды

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің ұлы - Павел Кулагин президент әкімшілігіне меминспектор қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайдыҚазАқпарат.

Кулагиннің ұлы президент әкімшілігіне қызметке тұрды«Бүгін Астана әкімі Әсет Өрентайұлы менің президент әкімшілігіне мемлекеттік инспектор қызметіне тағайындалуыммен құттықтап, жаңа қызметіме табыс пен сәттілік тіледі. Барлықтарыңызға маған деген сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Әріптестеріме, Сарыарқа ауданының және астананың тұрғындарына, сондай-ақ біраз істерді бірге атқарысқан белсенділерге көп рахмет. Достар, менің бұрынғыдай сендерге есігім ашық. Біздің аудан, қала, тұтас еліміз үшін бірлесе қызмет істеуді әрі қарай да жалғастыруды қуана қолдаймын! Мен мемлекет басшысының сенімін ақтау үшін, Отан үшін бар күш-жігерімді салатын боламын», - деп жазды Павел Кулагин.

Павел Кулагин 2015 жылдың қараша айынан бері елорданың «Сарыарқа» ауданы әкімдігін басқарып келген болатын.