Сахна саңлағы Хабиба Елебекова дүниеден озды

Бөлісу:

Қазақтың маңдайына біткен сахна саңлағы Хабиба Елебекова дүниеден озды. Бұл туралы qazaquni.kz порталының тілшісі хабарлайды.

1459231363_elebekova1

Хабиба Қарақбайқызы Елебекова 1916 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.

Елебекованың театр сахнасында сомдаған алғашқы рөлі — Қарагөз (Ж.Шаниннің “Арқалық батыр” спектаклінде). Актрисаның ойнаған рөлдерінің жалпы саны 100-ден асады. Олардың ең көрнектілері — М.Әуезовтің “Абайындағы” Қанікей, Ұлжан, “Қарақыпшақ Қобыландыдағы” Күнікей, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян Сұлуындағы” Мақпал, Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің “Амангелдісіндегі” Қырмызы, Б.Майлиннің “Майданындағы” Мамық, Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуіндегі” Айғаным, Иран-Ғайыптың “Естайдың Қорланындағы” Айнаш, т.б.

Сондай-ақ, Елебекова — белгілі әнші, өз жұбайы Ж.Елебеков туралы “Үні кетпес құлақтан” (1981), “Ән-Аманат” (1989), “Қайран Жүсекем” (1998) кітаптарының авторы.

Марқұмның балалары мен туған-туыстарына, сонымен қатар, сахна саңлағының өнерін құрмет тұтқан барша қазақ халқына портал редакциясы атынан қайғырып көңіл білдіреміз.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

8 + он бір =