«КТК» телеарнасының бас директоры ауысты

«КТК» телеарнасының жаңа бас директоры тағайындалды деп хабарлайды NUR.KZ.

«КТК» телеарнасының бас директоры ауыстыБұл туралы «КТК» телеарнасы Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының басшысы Александр Подойников өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

«КТК» телеарнасының бас директоры ауысты. Қанат Сахариянов орнынан кетті. Бас директор болып Эльмира Жәмілова тағайындалды», – деп жазды ол желідегі парақшасына.

Айта кетейік, Эльмира Жәмілова осыған дейін арнаның бас директорының орынбасары қызметін атқарған.