Атышулы Тоқтар Төлешов Қазақстанның вице-Президенті болғысы келгенін айтты

1551
82
Бөлісу:

Тоқтар Төлешов өзіне тағылған айыптардың алдын мойындай бастады деп хабарлайды КТК арнасы. Атышулы «сыра королінен» бүгін Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотында жауап алынған болатын. Билікті төңкеруді көптен көксеген қалталы кәсіпкер, осы ойын іске асыру үшін жер сатуға қарсылық білдірген халықты пайдаланбақ болғанын айтып отыр.

Картинки по запросу тоқтар төлешов

Сөйтіп, жаппай митинг ұйымдастыру үшін Аянға ақша бердім дейді. Бірақ, «әлеуметтік араздықты қоздырды» деп айыпталып жатқан жігіттердің өздері Төлешовтың сөзін жоққа шығарды.

Тоқтар Төлешов Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сотқа қатысу үшін Атырауға аптыға жеткен жоқ. Астанадағы Есіл аудандық сотының ғимаратынан ғаламтор арқылы байланысқа шықты. «Сыра королін» куәгер ретінде сотқа алдыруды талап еткен адвокаттар мен прокурорлар оны ә дегеннен-ақ сұрақтың астына алды.

Сан сауалға саспастан жауап берген ол өзіне арнап елімізде вице-президент деген лауазымды енгізуді мақсат еткенін мойындады. Және ол үшін «Жер кодексіне» енгізілетін өзгерістерді өз мүддесіне пайдаланбақ болған. Сөйтіп, халық ішінен идеясын жүзеге асыратын Талғат Аянды таптым дейді. Ал Макс Боқаевтың есімін бірінші рет естіп тұр екен.

«Боқаевпен таныс емеспін, көрген де емеспін, тіпті телефонмен де сөйлескен жоқпын. Бірақ Жер кодексіне енгізілген өзгерістер оны да мазалап жүргенін біліп, баспасөз мәслихатын, митинг, көпшілік шаралар өткізуге дайын екендігін білдік. Ол үшін арадағы адамдар арқылы қаражаттың қажет екені айтылды. «Қанша» дегенде бастапқыға 150000 доллар деді. Мен 100000-ды таныстарым арқылы беріп жібердім», – дейді куәгер Тоқтар  Төлешов.

Бірақ бейбіт шеруде белсенді ретінде көзге түскен Талғат Аян мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Ол екі ортада делдалдық қызмет еткен адамды ашып айтуды өтінді. Бірақ Төлешов оның Атырауға белгілі азамат екенін, жеке басына қауіп төнетіндігін ескертіп, атын атаудан үзілді-кесілді бас тартты.

«Маған қысым көрсетіліп отырған жоқ. Біреуден қорқатын да жаста емеспін. Менің амбицияммен, менің жеткен жетістіктеріммен ештеңеден де қорқудың қажеті жоқ деп ойлаймын», – дейді Тоқтар Төлешов.

Төлешовқа Атырауда ереуіл ұйымдастыру ойы былтыр күзде келіпті. Ал өзі 30-шы желтоқсан күні кісенделіп кете барған. Осыдан соң Талғат Аян митинг ұйымдастырудан бас тартқан деп топшылапты. Тіпті Төлешов әлдекім арқылы жіберген қаражатына қадағалау жүргізуді де қойған. Айта кетсек, Шымкент сыра зауытының иесінің өзі қазір 16 бап бойынша айыпталып, сот алдында жауап беріп жатыр.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 82 пікір жазылған

  1. Дана 18 Қазан, 2016 09:40 Жауап

    Иә, оның қол жеткізген қара күштері мен мықты таныстары тұрғанда біреуден қорқатындай күйге жеткен жоқ, Төлешовтің сөзінің жаны бар сияқты

  2. Кайыркельды 18 Қазан, 2016 10:06 Жауап

    осы сот болды ма, неге дурыс сурактарды коргенжокпын, олар не бырге стима? адвокаттар неге дурыс жумысты итимиды… осылай кашанга дейын болады

  3. Халық 18 Қазан, 2016 10:40 Жауап

    Енді қандай мәселе қалды? Өз аузымен бәрін айтып тұр, анық қанығы шықты бұл істің. Халықты арандатушыларға жақтас болардан бұрын көптеген жайттарға көз жүгіртіп шықсаңыздар дұрыс болар ма еді…!

  4. Кайрат 18 Қазан, 2016 10:40 Жауап

    Сонда зорлық-зомбылық арқылы ол елді басқарғысы келген бе? Біз бұған жол бермеуші едік!

  5. Өркен 18 Қазан, 2016 10:41 Жауап

    Бүлікті бастаған сабазың өзі нүктесін қойды. Сыйбайластарының тізімін де тізіп беріпті.

  6. Қанат 18 Қазан, 2016 10:43 Жауап

    Ал керек болса! Төлешов пас беріпті ғой, алған райынан қайтып, қатарға қосылайын деп шындықты жайып салған ғой.

  7. Алуа 18 Қазан, 2016 10:44 Жауап

    Сабасына түскен ғой мына Төлешов, бәрін мойындап тұр. Дәлел дәйек те көз алдымызда, халықты оңбай қателестіріпті сыбайластарымен қоса, өкінішті…

  8. Ұлықпан 18 Қазан, 2016 10:46 Жауап

    Хммм, бұған дейін сенбей келген едім, бірақ Төлешовтің ағынан жарылғаны көрініп тұр. Қатесін түсінген болса керек

  9. Болат 18 Қазан, 2016 10:46 Жауап

    Құдай сақтаған шығар бізді мына баскесерден. Жер мәселесін таңдадым, өйткені қазақтар үшін бұл тақырып өте маңызды дейді ме? Бізді қолданғанына жыным келеді

  10. Марина 18 Қазан, 2016 10:50 Жауап

    Кешелі бері осы ақпаратқа қаным қайнап жүр. Қолынан келген жоқ па елдің тыныштығын бұзып, заңсыз митинг ұйымдастыру. Оны қолдаған азаматтар да табылды. Елден қуу керек мұндайларды

  11. Мерей 18 Қазан, 2016 11:01 Жауап

    Не дейміз, ит те бит те ұмтылып жатыр билікке. Төлешов қайдағы бір террористтерді емес, еле деген сүйіспеншілігі бар азаматтарды қаржыландырғанына рахмет. Нее, шынында да азамат. Мүмкін соны вице-президент қылармыз, ә? Неге президенттікке қоймасқа? Ақшасы бардың барлығы би болуға асыққан заман-ай….

  12. Майра 18 Қазан, 2016 11:03 Жауап

    Аянға ақша бердім десе бергені анық. Бірақ оны танымаймын, біреу арқылы білемін дегені өтірік сияқты енді. Әлі де шикілік жетеді.

  13. Ғабит 18 Қазан, 2016 11:11 Жауап

    Қап, шынында да ақша берген болып шықты-ау. Өтірік әңгіме шығар деп едім. Арғысы қалай болар екен?

  14. гость 18 Қазан, 2016 11:44 Жауап

    осы оларды тусинбейм барго,адвокатар алжып кетти,мынау вице-президент болам дийд,аналар «халык кхарманы» болма дийм ма,не ози болып бара жатыр

  15. Құдияр 18 Қазан, 2016 11:55 Жауап

    Төлешовің вице-президент болуды арман етіпті ғой. Оның арам пиғылын іске асыру үшін Аянов көмектесіпті.

  16. Руслан 18 Қазан, 2016 11:57 Жауап

    Жігіттердің бұл істері жігіттік емес. Негізі намысты нанға сатып отығанмен бірдей ғой. Алла сақтасын.

  17. Ғасыр 18 Қазан, 2016 11:58 Жауап

    Халықтың ішінде іріткі салып отыр ғой. Төлешовте оңай адам емес екен. Қыруар қаржыны қолына ұстата салыпты.

  18. Самат 18 Қазан, 2016 12:10 Жауап

    Армандауға болмай ма? дегені шығар. Осындай құйтырқы әркетеміне қайда барамын деп ойлады екен.

  19. Рақым 18 Қазан, 2016 12:32 Жауап

    Өкініштісі өз қазағымның өзі өзіне шауып жатқаны. Жалпы өмірде арам пиғылдың өзі ешкімді ұзаққа апарған емес.

  20. Мен 18 Қазан, 2016 12:50 Жауап

    Жұртты шулатпай, алаңға айдамай, әркім өз жұмысын міндетін істесе еліміз аман болады дамиды

  21. анкау 18 Қазан, 2016 13:52 Жауап

    Марина ахмак катын канынды каинатпаиак кои не твоя ума дела жеримиз сатылмасын деп арекет кылса рахмет деимиз токеге .

  22. Айдар 18 Қазан, 2016 14:46 Жауап

    Төлешов сияқтылардың қолына тимей билік, құдай сақтап жүр екен, шын қорқып қалдым.

  23. Асем 18 Қазан, 2016 14:46 Жауап

    Маған Төлешовтың вице болып келгеннен кейінгі тындыратын ісі қызық болып тұрғаны.
    :aaa:

  24. Алдан 18 Қазан, 2016 14:48 Жауап

    Басында ойлап едім, Техас Атырауда қалай жүр деп, делдалдар өз қызметтерін жақсы атқарғанға ұқсайды.

  25. Алмас 18 Қазан, 2016 14:49 Жауап

    Оларды қаһармандар, батырлар деп қояды еще. Өздерінің не бүлдіріп жүргендерін өздері білмейтін секілді ғой. Ақшаға құныққандар.

  26. Алия 18 Қазан, 2016 14:55 Жауап

    Оларды жазалау керек, аямау керек, басты мақсат бұл жерде қоғамда іріткі салушыларды азайту, жоғалту болуы тиіс.

  27. Дүйсен 18 Қазан, 2016 14:56 Жауап

    Төлешовке айтарым, басқа жолмен де бұл арманға, мақсатқа жетуге болатын еді ғой, адал жолмен, елге жақсылық жасаумен, қызмет етумен.

  28. Назерке 18 Қазан, 2016 14:59 Жауап

    Қоғамның осындай ақымақ сөзіне құлақ, назар аударғанына көңілім толмай жүр. Біз көзі ашық, оқыған азаматтармыз ғой.

  29. Максат 18 Қазан, 2016 15:01 Жауап

    Әйтеуір енді мұндай адасу болмасыншы. Халқымыз көзін ашып, мәселені терең түйсінші. Жер жер деп, соғыс болып кете жаздады ғой.

  30. Дарина 18 Қазан, 2016 15:01 Жауап

    Мемлекетіміз жерге, халыққа шын жаны ашиды, біз мемлекет туралы санадағы түсінігімізді реттеуіміз керек деп ойлаймын бірінші кезекте.

  31. Талғат 18 Қазан, 2016 15:02 Жауап

    Төлешов көтерген ісін мойннымен көтерсін. Мың асқанға бір тосқан деген осы болса керек

  32. Жомарт 18 Қазан, 2016 15:06 Жауап

    Малғұн неме, байлығы тасыса халыққа қарайласып, жұртын жарылқамай ма екен

  33. Марал 18 Қазан, 2016 15:08 Жауап

    Осындай кісілердің бойында азаматтық қасиет дым болмайтыны қынжылтады да

  34. Ләйла 18 Қазан, 2016 15:14 Жауап

    Нағыз қазақтың ардаазаматынша өмір сүргеніңде бұлай басың бәлеге қалмас еді Тоқтарбай

  35. Майра 18 Қазан, 2016 15:15 Жауап

    Байлықты басыңнан бақайшығыңа дейін берген екен, сол сасыған дүние соңыңа жетті-ау

  36. ТРОЛЬЧИК 19 Қазан, 2016 00:15 Жауап

    Ойбай!!!! Пікір жазған 52 адамның барлығы трольдер!! Не деген ерінбейтін бәлесіңдер айналайындар! Басқа жұмыстарың жоқ па? Зарплаттарың күшті ма? Жоқ біреу қорқытып желкелеріңде тұр ма? Әйтеуір ерінбей жалықпай неше түрлі аттарды ойлап тауып ұра беріпсіңдер, ұра беріпсіңдер…Елдің бәрін жынды санап.

  37. Санжар 19 Қазан, 2016 16:59 Жауап

    Билікті басып алып, тек вице-президенттікке ғана барғысы келді ме? Елбасының орнын неге армандамады екен! Дәмесі зор болыпты ғой.

  38. Талап 19 Қазан, 2016 17:00 Жауап

    Мұндай бай адам болады екен ғой. Қыздарының туған күндерін атап өткен сәттерін көріп таң қалып отырмын.

  39. Бағлан 19 Қазан, 2016 17:27 Жауап

    Бағалай білмегенге бақ тұрмайды деген. Арандатуға ермей, тыныштығымызды тәуелсіздігімізді бағалайықшы

  40. Қонақбай 19 Қазан, 2016 17:30 Жауап

    Қазақтар, алдағанға ермей сөзге алданбай еңбек еіп, тәуелсіздігімізті тұрақтандыруға үлес қосқан жөн болар

  41. Еламан 19 Қазан, 2016 17:35 Жауап

    Елдің тыныштығы мен жердің бүтіндігіне ештеңе жетпейді Ең бастысы соның қауіпсіздігіне еңбек етейік тәуелсіздігіміз баянды болсын

  42. Мырза 19 Қазан, 2016 18:08 Жауап

    Не деген жоспар десейші. Бұндай жоспармен өзінің қайда баратының сезді ме екен. Әй қайдам…

  43. Мырза 19 Қазан, 2016 18:11 Жауап

    Бәрінен де қатындарға обал болды ау шамасы. Басқа басқа тоқалы әдемі екен сабаздың…

  44. анкау 19 Қазан, 2016 19:13 Жауап

    мына толешов жер сатылсын деп журген арамтамактардан мын есе артык жан екен жердин сатылганын каламадым казирде каламаимын деген абай кз жазган .патриот оз елинин сонша акшаны берипти (шын болса) маган бир куантатыны казах жерин арамтамактар болисип алмаганы аян алдыма алмадыма бул енди уакыт корсетер бырак бизде ..?

  45. Аламан 20 Қазан, 2016 18:00 Жауап

    Мынадай амбициямен дүниені төңкеруге болады, бірақ артына қарамағаны қызық екен…

Пікір немесе жауап жазу

2 × бес =