Башар Асад дүниежүзілік соғыстың жақындап қалғанын ескертті

Бөлісу:

Үшінші дүниежүзілік соғыс болатыны сезіледі. Мұндай пікірді Сирия президенті Башар Асад www.kp.ru сайтына берген сұхбатында айтты деп жазады ult.kz.

Башар Асад дүниежүзілік соғыстың жақындап қалғанын ескертті«Қазіргі таңда өршу сатысындағы «қырғи қабақ соғысына» ұқсас жағдайды байқап отырмыз», – деді ол өз еліндегі қарсылықтың күшеюімен байланысты оқиғаларды меңзеп.

Оның сөзіне қарағанда, әзірге тікелей әскери қақтығыстар жоқ.

«Алайда әскери, лаңкестік және саяси тұрғыда бар», – деді Асад.

Ол қазір Сирия «бұл соғыстың бір бөлігі ғана» екенін айтты. Асадтың пікірінше, Батыс және негізінен АҚШ КСРО құлағаннан кейін де «қырғи қабақ соғысты» тоқтатпады.

Қазір Вашингтонның басты мақсаты – «әлемдегі америкалық үстемдікті сақтап қалу, саяси немесе халықаралық аренада ешкімнің серіктес болуына жол бермеу».

Асад елде заңды негізде жүрген Ресей, Иран және «Хезбалла» шейіт қозғалысы Сирияның тұрақты одақтастары екенін айтты. «Олар лаңкестерге қарсы соғысып жатыр, алайда терроршыларды қолдау мақсатында араласып жатқан өзге елдер де бар», – деп атап өтті президент.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу