«Алтын Жүрек» қайырымдылық сыйлығының номинанттары анықталды (ФОТО)

Алматы қаласында ұлттық қоғамдық қайырымдылық аясындағы «Алтын Жүрек» сыйлығының үздік номинантары анықталды. Биыл «Алтын Жүрек» сыйлығы өзінің 10-шы мерейтойын атап өткелі отыр. Бұл туралы «Бауыржан» қайырымдылық қоры мәлім етті, - деп хабарлайды qazaquni.kz тілшісі.

Биылғы жылы Қазақстанның түкпір-түкпірінен ұлттық жүлде ұйымдастырушылары комитетіне 181 өтініш келіп түсті. Негізгі 11номинация бойынша эксперттік кеңес қазан айының 4-қазан күні үздік 33-номинанты анықтады. Лауреаттарды қоғамдық кеңес дауыс беру арқылы жабы кеңесте анықтады. Қоғамдық кеңесте кино және телевидение өкілдері, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. Осы жолы үміткерлер қатарын актриса әрі тележүргізуші Салтанат Қалиева, диктор Мадина Балғабаева, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ғалым Қалибекұлы, қоғам қайраткерлері Бекнұр Кисиков пен Мұхтар Тайжан қоғам кеңесінің белді мүшелері болды.

Диктор Мадина Балғабаеваның пікірінше, жақсылық қана әлемді құтқарады. Ал бұл сыйлық болса, осыған демеу болмақ:

– «Алтын Жүрек» сыйлығынандүйім жұрттың көпшілігі хабардар болуы тиіс. Себебі қайырымдылықпен екінің бірі айналыспайтынын ескерсек, бұл еліміз бойынша атымтай жомарт жандарды танудың бірден бір жолы. Олар жайлы ел білуі қажет деп санаймын.

Ұйымдастырушылар комитетінің мәліметтері бойынша 2015-2016 жылдар ішінде Қазақстан бойынша 15,8 миллиардов теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген. 9 спорт мектептері,5 бала-бақша, 10 жалпы білім беретін мектерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 мүгедек балаларға арналған мамандандырылған бала-бақша салынды. 500 ден астам жетім балалар жазғы демалыстарында түрлі демалыс лагерлеріне баруға жолдама алды. Демеушілер арқасында 10

компьютерлік сыныптар мен 8 аурухана жабдықталды. Жағдайлары төмен 900-ге тарта бала мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Ұлы отан соғысының 20 ардагерінің үйлеріне жөндеу жұмысы жүргізілді. 400 тыл ардагерлері мен соғыс ардагерлері қаржылай көмек алды.

– «Алтын Жүрек» тарихы бұл жалпы Қазақстандағы қайырымдылық жолының тарихы. Сондықтан бұл сыйлықтың әрбір қатысушы біздің жобаға өз үлесін қосады деген сөз. Оң жылда жеткен деңгейіміз осы халықтың, мейірімді жандардың еңбегі деп білемін. Жыл санап біздер әр түрлі қатысушыларды кездестіріп келеміз. Олардың арасында кәсіпкерлер, депутаттар қарапайым адамадар да бар.ал оларды біріктірген де осы жақсылыққа дегн ұмтылыс деп ойлаймын, –деді ұйымдастыру комитетінің төрайымы Айнұр Сәлімбаева.

2015-2016 жылдар аралығында ең қомақты сомадағы бір реттік 2 568 020 000 теңгеге қайырымдылық шарасы жасалған. Қазақстан бойынша еріктілер саны да 130 000 адамды құрап отыр.

Ең көптеген өтініштер «Жыл қайырымдысы» , «Білімге қосқан үлесі үшін», «Мүгедектерге көрсеткен көмегі үшін», «Жетім балаларға жасалған көмек үшін» номинацияларына келіп түсті. Үміткерлер қатарында ережелер жоқ күрес чемпионы Қуат Хамитов, «Клуб добряков» қайырымдылық қозғалысының негізін Гүлмира Абдрашева және басқалар. «Жетім балаларға жасалған көмек үшін» номинациясы бойынша 18 үміткер, «Мүгедектерге көрсеткен көмегі үшін» - 21, олардың ішінде Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов. Сондай-ақ, Ирландия қайырымдылқ қорының басшысы Фиона Коркоран, Араб әмірлігінің Қазақстандағы өкілі Сухейл Матар.

«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары 2016 жылы 27 қазан сағат 19:00де, Алматы қаласы, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты рәсімінде марапатталады.

«Алтын Жүрек» қайырымдылық сыйлығының 10-шы мерейтойлы сыйлығының номинанттар:

1. Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы- Рада Хайрушева (Орал қ), Екатерина Яценко, (Екібастұз қаласы, Павлодар обл), Сағадат Абышева, (Қарағанды обл)

2. «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы- Мұрат Әділханов (Алматы қ), Абай Ноғаев (Шалкар қ, Ақтөбе обл), Никон Ким (Шу қ, Жамбыл обл.)

3. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы- Данияр Елеусінов (Астана), Біржан Қожақов (Орал), Дүйсенғали Оспанов (Қостанай)

4. «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» номинациясы- Жақсылық Үшкемпіров (Қызылорда), Шухрат Данбай (Павлодар), «Олимп»әскери-патриоттық клубы ( Владимировка ауылы, Қостанай обл.)

5. «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» номинациясы- Күляш Сәрсембаева (Алматы), «Цеснабанк» АҚ , Жанар Бүркітбаева (Тараз)

6. «Жыл меценаты» номинациясы- Азат Әкімбек, (Алматы), Гульнара Дали (Астана), Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы

7. «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы-«Асыл Арна» телеарнасы, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы, «Добрые вести» әлеуметтік медиа-порталы

8. «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы- Гүлмира Абдрашева (Астана), Расима Темербаева (Алматы), Темірлан Шайнүсіпов (Алматы обл.)

9. «Жыл ұйымы» номинациясы- «Евразийская группа» ЖШС, «Сбербанк» АҚ, «Metall Prom Group»ЖШС

10. «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы- Ұлмекен Қожасова (Қарсақбай ауылы, Қарағанды обл.), Нияз Сүндеталиев (Қарағанды), Арман Қасымов (Атырау)

11. «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы- Фиона Коркоран (Ирландия), Анна Вербина (Мәскеу, РФ), Сухейль Матар Алькетби (БАӘ)

Гүлзат Сахова, Фото - Павел Михеев

qazaquni.kz