Министр «машаллах», «ифтар» секілді араб сөздерінен бас тартуға шақырды

2935
5
Бөлісу:

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев соңғы жылдары елімізде жиі қолданып жүрген «ифтар», «машаллах» секілді араб тіліндегі сөздерді қолданбауға кеңес берді.

Министр "машаллах", "ифтар" секілді араб сөздерінен бас тартуға шақырдыБұл туралы Baq.kz хабарлайды.

«Қазақ тілі өте бай. Сондықтан кірме сөздерге қолданбауға тырысайық. Бүгінгі таңда кейбір азаматтар кірме сөздерді қолдануға құмар. Оған мысал ретінде «ифтар», «машаллах» сөздерін» айтуға болады. Әйтпесе, «ифтарды» қазақ халқы осы уақытқа дейін ауызашар, «машалланы» құдай қаласа деп айтып келді ғой. Сондықтан теріс ағымдарға тойтарыс беру үшін біз өз рухани құндылығымызды сақтап қалуымыз керек. Сол кезде жастарымыз жат ағымдарға ермейтін болады», – дейді Ермекбаев.

Оның айтуынша, теріс радикалды идеологияға қазақ дәстүрімізбен ғана тойтарыс бере аламыз. Айта кетейік, соңғы жылдары сәресін- суһу, ауызашарды-ифтар деп айту белең алып кеткен болатын.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 5 пікір жазылған

  1. Өзім 14 Қазан, 2016 15:16 Жауап

    Орынды айтылған сөз. Орыс тілінің қыстырмалары аз дай енді арабша қоспайақ қойғанымыз абзал. Әлемдегі бай тілдердің бірегейі болсада, өзге тілді қосып сөйлеуді зор санайтынымыз жаман.

  2. Ахмет 14 Қазан, 2016 20:07 Жауап

    Дурыс.осындай создерди коп айтатындар кобейди.бул тек талпиштик.ырбимай журе берсендерши.

  3. moldir 14 Қазан, 2016 22:23 Жауап

    Осындай үндеумен бастаған министрдің білімі өте шектеулі болып шықты. Иманы жоқ екенін дәлелдеді. Адам қай тілде айтса да, бұл сөздер Аллаһ Тағаланың ризышылығы үшін айтылған сөздер. Исламда араб тілі ерекше орын алады, себебі ол тұралы Қасиетті Құранда жазылған. Келесі «Бисмилля» деген сөзді алып тастаса не намазды өзге тілде оқисындар десе бұл деген дінімізге қайшы болатын әрекет болады ғой. Бұл не деген надандық! Оның орнына таза дінді сақтап, таза өмірді ұстануға және надандықтан білімге қарай бет бұруға үйретпей ме?

  4. Барыс 15 Қазан, 2016 21:33 Жауап

    Ақмақ дейiн десең бiлдей министр, бiрақ иманнан жұрдай екен. Қалам, ғылым, кiтап, ғалам, фәни, бақи және т.т. көптеген сөӡдер. Аллаһтың кiтабы түскен тiлде Қаӡақтың сөӡдерiне сiңген сөӡ көп емес пе? Әдемi сөӡдерге тейiскенше, Аллаһқа иман келтiрiп жемқорлық, ашық-шашықпен, өтiрiк есеп берумен күресiңiӡдер. Аллаһтың қаһарына ұшырамайық, онсыӡда күнәларымыӡ бастан асады.

  5. Салтанат 18 Мамыр, 2019 15:22 Жауап

    МашаАлла деген Алла қаласа деген емес, таңырқанған кезде тіл көз тимеуі үшін айтылатын сөз.Мысалы кішкентай балаға тфу-тфу дегенше, МашаАлла деген абзал

Пікір немесе жауап жазу

он тоғыз + алты =