Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа бас хатшысы тағайындалды (фото)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антонио Гутерришті ұйымның келесі бас хатшысы етіп бекітті. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа бас хатшысы тағайындалды (фото)БҰҰ құрамындағы 193 мемлекет 75 жастағы Гутерриштің кандидатурасын 13 қазанда бекітті. Қазіргі бас хатшы, БҰҰ-ны қатарынан екі мерзім - 10 жыл басқарған Пан Ги Мунның өкілетті мерзімі 1 қаңтарда аяқталады.

"Ол сірә, ең маңызды деген салаларда бәрінен танымал шығар, қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыстарда алда жүреді. Оның саяси инстинкті БҰҰ-ның миссиясына, яғни жалпыға ортақ игілік және адамзат пен әлем үшін ортақ жауапкершіліктегі ынтымақтастық миссиясына сай келеді", - деді Пан Ги Мун Гутерриш туралы.

Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа бас хатшысы тағайындалды (фото)6 қазанда Гутерриштің кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 15 мемлекеті бірауыздан қолдаған. Гутерриш 1995-2002 жылдары Португалия премьер-министрі, 2002-2015 жылдары БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары болған. Ол - БҰҰ-ның оныншы бас хатшысы болмақ.