Тоқтар Төлешов Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотына қатысатын болды

Бөлісу:

№2 Атырау қалалық сотында 21 мамыр күні «заңсыз митинг ұйымдастырды» деп айыпталып отырған Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша сот процессі жалғасты. Белгілі болғандай енді сотқа куәгер ретінде атышулы шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің қатысатыны анықталды.

Тоқтар Төлешов Макс Боқаев пен Талғат Аянның сотына қатысатын болдыБұған дейін Аян мен Боқаевтің қорғаушылары олардың жазасын үйқамаққа алу немесе ешқайда шықпау туралы қолхат жазуға ауыстыру туралы өтініш жазған болатын. Бірақ сот олардың бұл өтінішін қанағаттандырудан бас тартты деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Адвокаттар соттан Боқаевтың денсаулығын ескеруді өтінді. Оның көптен бері С гепатитті созылмалы бауыр сырқаты бар. Боқаев пен отбасы мұқтаж болып отырған Аян үшін (оның екі кішкентай баласы бар) кепіл болуға көптеген өтініштер, соның ішінде, республикаға айтарлықтай танымал құқыққорғаушылардан, қоғам қайраткерлерінен жеке өтініштер түсті.

Мемлекеттік айыптау бұлтартпау шарасын өзгертуді артық деп санады. Прокурорлардың бірі Боқаев тергеу изоляторының санитарлық бөлімшесінде де «инфекциядан» (жауап ретінде Боқаевтың әпкесі гепатиттің вирус екенін еске салды) толыққанды ем ала алады деп мәлімдеп, екеуін әрі қарай да темір торда ұстау қажет екендігіне сенімді екенін айтты. Айыптаушылардың дегендері болды – төрағалық етуші судья Гүлнәр Дәулешова өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Қорғау тарапы іс материалдарына Жер кодексін өзгерту мәселелері бойынша биылғы жылдың сәуірінде Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңындағы бейбіт жиын барысында және оның қарсаңында жарияланған БАҚ-тардағы бірқатар материалдарды біріктіруге өтініш білдірді. Аянның адвокаты Төлепқали Аянов, сонымен қатар, бұрынғы және қазіргі үкімет мүшелері: Кәрім Мәсімовті, Ерболат Досаевты, Асқар Мырзахметовті куәгерлер ретінде шақырып, жауап алуды өтінді.

Судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Бұдан басқа, Аянов Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевті, Атырау қаласының прокуроры Руфат Құттықовты және Шымкент бизнесмені Тоқтар Төлешовті жауап беру үшін сотқа тартуға өтініш берді. Судья Төлешовтің куәгер ретінде өтетінін және оның әкелінетінін, ал әкімге және прокурорға қатысты мәселе ашық қалатынын, ол бойынша шешімді кейінірек қабылдайтынын мәлімдеді.

13 қазанда түсткен кейін соттың тергеу ісі қаралды. Прокурор айыптау актісін жарты сағаттай оқыды. Сотталушыларға «Сіздерге айыптау мәнісі түсінікті ме?» деп қойылған хаттама сұрағына Боқаев «Жоқ» деп жауап берді. Судья бес рет сұрақ қойды, Боқаев бес қайтара тағылып отырған айыптаудың мәнісін түсінбейтінін, өйткені ол, оның айтуынша, тек өзін алаңдатқан мәселе бойынша өзінің азаматтық ұстанымын білдіру тұрғысында конституциялық құқығын ғана жүзеге асырғанын және ешқандай заң нормаларын бұзбағанын айтты. Судья үзіліс жариялады.

Үзілістен кейін сотта күтпеген ұсыныс айтылды. Дәулешова екі сотталушыға олардың прокурорлармен іс жүргізу келісімін жасауға құқықтары бар екенін түсіндірді. Осы процедура бойынша өз кінәсін мойындау жеңілдететін жағдай болып табылады және факт бойынша оларды босатуды жоққа шығармайды. Алайда Боқаев пен Аян бұл ұсыныстан бас тартты. Сот істі қарау тәртібін белгіледі. Дүйсенбі күні, 17 қазанда куәгерлерден жауап алынады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Руза 15 Қазан, 2016 14:53 Жауап

    Ал Алла, жар бола гөр жерін бөтенге бермеймін деп шыққан рухты қазақтарға! Адамдұрысты мемлекетте бұларды патриот деп бағалаушы еді билік.

Пікір немесе жауап жазу

18 − бір =