Қазақстан футболшылары Румыниямен тең ойнағаны үшін 20 мың доллардан алады

Қазақстан құрамасының футболшылары Румыния командасымен тең ойнағаны үшін 20 мың доллардан сыйақы алады деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасап bnews.kz.

Қазақстан футболшылары Румыниямен тең ойнағаны үшін 20 мың доллардан аладыБұл туралы «Астана», «Ақтөбе», сондай-ақ румыниялық бірнеше команданың бұрынғы бас жаттықтырушысы Йоан Андоне айтты.

«Әрине, қарсыласың әр ойында аяғыңнан шалып тұрғаны қатты ашуыңды келтіреді. Бұл өзі қызық, дұрыс емес ойын болды. Бірақ, Армениямен ойнаған матчпен салыстырғанда, әлдеқайда қиын еді. Оның үстіне, олар Черногориядан 0:5 есебімен жеңіліп келіп отыр. Бұған дейін поляктармен ойынның 2:2 есебін ескерсек, 0:0 – жақсы көрсеткіш. Бұл тең ойын үшін Қазақстан құрамасының әр ойыншысы 20 мың доллардан, я болмаса, 10 мен 20 мың аралығында алады деп ойлаймын», — деді Андоне.

Естеріңізге салайық, Қазақстан мен Румыния құрамасы Әлем чеспионатының іріктеу кезеңінің үшінші айналымындағы матчта 0:0 есебімен тең түсті.