"Қазақфильм" жанданып, жаңа белестерді бағындыра бермек

БАҚ беттерінде жиі сынға ұшырайтын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты кешелі бері тағы бір шу шықты. Кезінде Мұхамедиұлы ректорлық жасаған Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі Еңлік Сыдықова министрді студент «қыздарға қырындап, мәдениетсіздік танытатын» деп айыптады. Мәселенің мән-жайын білмек болып Qamshy.kz тілшісі министрдің өзіне телефон шалды.

Картинки по запросу кино

Арыстанбек Мұхамедиұлы Е. Сыдықованың бүгінгі мәлімдемесі тегіннен-тегін жасалып отырмағанын, оның артында қаржылық мәселелерге тап болған режиссерлар тобы тұрғанын айтады.

«Феникс» фильмі төңірегінде дау болып жатыр. Ресейден компания аштық ақшаны сонда аударыңдар деді. Ол компанияның американдық киностудияның филиалы деп айтты. Тексергенде ол компанияның американдықтарға еш қатысы жоқтығы анықталды. Түсірген фильмнің де тизерін көрсеңіздер өздеріңіз де байқайсыздар, фильмнің сапасы сын көтермейді. Ана кино, мына кинодан қиып алып, қоса салған. Ал, фильмнің бюджеті қыруар қаржыны құрады. Бір тизері үшін 6 миллион теңге жұмсалды», - деген министр режиссер Талғат Жәнібековтің фильм үшін бөлінген 100 миллион теңгенің есебін де толық өткізбегенін айтады.

Министрдің айтуынша, фильмнің тизеріне 6 миллион теңге, компьютерлік графикасына 14 миллион теңге жұмсалған. Кастинг ұйымдастыру шығыны 33 мың АҚШ долларын құраған. Картина басшылығы 30 миллион теңгені өздерінің еңбекақысы ретінде алған көрінеді. Миллиондаған теңге қаражат жалған құжаттармен қолды боп кеткен. Осы жайттарға байланысты министрлік қазір жобаның шығындарын, құжаттарын тексеріп жатқан көрінеді. Тексеріс нәтижесі бойынша, заңсыз құжаттарға қол қойған лауазымды тұлғалар да жауапқа тартылмақ екен.

Министрдің пайымдауынша, министрліктің осы ісі жандарына батқан режиссерлар осындай шабуылдарға барып жатқан көрінеді. Ал, қыздарға қатысты айыптаулардың таза жала екенін айтқан министр режиссерлердің қоғамның назарын өздеріне аударып, сынайтын басқа ілік таппаған соң осындай әрекеттерге барып отыр деп санайды.

«Ана бейнемәлімдеме жасаған қыз ондай әрекетке бармас үшін ойлануы керек еді. Бұл деген жала жабу ғой. Ешқандай дәлелсіз қалай ондай айып тағады?», - деген А. Мұхамедиұлы Е. Сыдықованың өзі-ақ артында кімдер тұрғанын ашып қойды деп отыр.

«Менің бар жазығым – кино саласындағы ұрлықты, заңсыздықтарды тоқтатқаным. Сол қылығым үшін осындай шабуылға ұшырап жатырмын. Тұңғышбай ағамыз да маған кінә артып сөйлепті. Мен оның басқаратын театр қайраткерлері одағының ішкі ісіне араласыппын. Ол мүмкін емес жағдай ғой. Мен қалайша Асанәлі Әшімовке сен былай істе, Тұңғышбай ағаға қарсы шық деп қалай айта аламын? Мен әділ сынның бәрін қабылдаймын. Кез-келген журналист тікелей өзіме қоңырау шалып, кез-келген сұрақ қоя алады. Т. Жәнібеков пара сұрады деп мәлімдеді. Артынша сотта ол сөзінен бас тартты. "Мен олай демедім. Журналистер қосып жіберіпті" деді. Мұндай бола ма?», - дейді министр.