Орыс тілінде “акцентпен” сөйлегені үшін мұғалім жұмысынан қуылды

7036
26
Бөлісу:

Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылындағы №53 орта мектептің мұғалімін орыс тілінде дұрыс сөйлемегені үшін жұмыстан шығарып жіберген деп хабарлайды kerek-info тілшісі.

Ақтөбеде орыс тілінде “акцентпен” сөйлегені үшін мұғалім жұмысынан қуылдыБес жылдық тәжірибесі бар маманның біліміне ата-аналар күдік келтірді. Оларға мектепалды дайындық класына жетекшілікке барған мұғалімнің орысшасы ұнамай,  жақында ғана жұмысқа тұрған бастауыш сынып мұғалімін жұмыстан шығаруды талап еткен.

Бұл жағдайды мектеп директоры Жәния Романова түсіндіріп беріп, мұғалім жұмыстан өз еркімен кеткенін айтты.

«Біз – аралас мектеппіз. Орыс кластарына сабақ беретін маман өте тапшы. Екі мектепалды дайындық класына мұғалім жоқ. Мұғалім бұрын бес жыл орыс мектептерінде, балабақшаларда жұмыс жасаған. Еңбек кітапшасында бәрі жазулы тұр. Менің алдыма келгенде де орыс тілінде еркін сөйлеп тұрды. Тәжірибесі бар мұғалім болған соң қызметке алдық. Үш айлық сынақ мерзімімен өз жұмысына кіріскен болатын. Бұл топты 14 қыркүйекке дейін жоғары дәрежелі мұғалім Валентина Петрова оқытқан еді. Жас маман келген соң, дайындық сыныбын осы мұғалімге тапсырдық. Мектепалды дайындық класындағы бір оқушының ата-анасы мектеп әкімшілігіне ескертпестен мұғалімнің сабағына кірген. Сонда мұғалімнің сабақ беру әдісі ұнамаған болу керек, кейін 12 ата-ана қол қойған арыз-шағым алдым. Менің ойымша, ата-аналар бұған дейін сабақ берген мұғалімді қайтарып алғылары келген сияқты. Өйткені, ол көп жылғы тәжірибесі бар, жоғары категориялы маман. Бірақ, бізге келген жас маманды біз оқытып, үйретуге міндеттіміз. Жаңа оқу жылы басталмай жатып, ата-аналар тарапынан осындай жауап алған мұғалім өз еркімен жұмыстан кетті,- деді ол.

Орыс тілінде “акцентпен” сөйлегені үшін мұғалім жұмысынан кетті

Жаңадан келген жас маманның біліктілігіне күмән келтірген ата-аналардың бірі Айжан былай дейді:

– Жас мұғалімнің жеке басында жұмысым жоқ. Бірақ, ол орыс тілінде мүлдем білім бере алмайды. Қазақша ойлап, оны орыс тіліне аударып жеткізеді. Балаларға теріс білім беретін мұғалім керек емес. Баламыз үйге келген соң сөздерді қате айтады. Орысша акцентпен сөйлейді.

№53 орта мектептің мектепалды дайындық класында 22 оқушы оқиды. Осы кластың тағы бір ата-анасы Сәуле Құлсаринаның айтуынша, осы оқиғадан кейін сынып екі топқа бөлінген.

«Неге қарсы болып жатқанын түсінбеймін? Өте білімді, сыпайы, сабырлы қыз еді. Балаларымызды шығарып салып, күтіп алатын. Қашан да балалармен бірге жүретін. Айтқан әңгімелері де, сөз саптаулары өте орынды мұғалім еді. Мысалы, менің балам балабақшаға қанша жыл барса да, үйренісе алмады. Ал мектепке тез сіңісіп кетті. Оның өзі мұғалімнің баламен өте жақсы жұмыс жасайтынын білдіруі керек. Қазір ата-аналар екі топқа бөлінді, біреулері жақтайды, біреулері даттайды. Мен мұндайды түсіне алмаймын, мұғалім ата-анаға емес, бастысы оқушыға ұнау керек. Ал жас мұғалім оқушыларға ұнайтын»,- дейді ол.

Атап айту керек, №53 орта мектепте  бірінші сыныптардан бесеу. Олардың 4-уі орыс тілінде оқиды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 26 пікір жазылған

  1. Мирболат 9 Қазан, 2016 21:43 Жауап

    Қазаққа орысшаны акцентпен сөйлеген үйлеседі. Орыс тілді маман табу қазіргі кезде проблемаға айналды. Өз еркімен жұмыстан кетсе, оның несі айып. Таңдаған тазға жолығады деген зардабын балалары көреді. Ата-аналар өз деңгейімен ойлап жүр ғой, мұғаліммен санасу керек еді.

  2. Ахмет 9 Қазан, 2016 22:09 Жауап

    Акцентпен сойлеген бир мугалимди жумыстан шыгарса,букил кавказда мугалим калмас еди.олар оны мактаныш кореди.ай казактарай,орыс болам десен алдын казак бол деген.

  3. Нур 9 Қазан, 2016 23:28 Жауап

    шалатугандар мен аккулактар абден жуйкемди жукарттындарго унамайма ресейге кошиндер армандарын орыс болу болса.

  4. жанашыр 10 Қазан, 2016 00:03 Жауап

    Масқара.Ол ұстазға жақсы жұмыс орын табуға тілектеспін.Ата-аналар Қазақ тілін үйрену үшін осылай шырылдаса ғой…

  5. Кайрат 10 Қазан, 2016 00:09 Жауап

    Шошканың тілі әлі де басымдылық танытып тұр ғой, себебі қолдаушысы бар 🙁

  6. Кайрат 10 Қазан, 2016 00:10 Жауап

    Шошқаның тілі әлі де басымдылық танытып тұр ғой, себебі қолдаушысы бар 🙁

  7. ержан 10 Қазан, 2016 07:29 Жауап

    Орыс тілін білмегені үшін деп арыз жазған сорақылық. Арине ата ананы баласының болашағы аландатады. Кім баласының білікті ұстаздан дəріс алып.сауатты болып шыққанын қаламайды десеңізші…ешкім аспаннан біліп түскен жок. Омир уйретеді. Ол жас мұғалім казир қайда жүр немен айналысуда білмейсң. Жоғарғы оқу орнын окып бітірген мектепке келіп ұстаздық алгашкы кадамын жасаған жас маманның болашағына балта шабылды. Бұл ата- ана тарапынан қатігездік!

  8. марал 10 Қазан, 2016 07:50 Жауап

    Оның барлыгы жай сылтау ғой, барып тұрған күйеу жағу ұстазға. Ұят емес пе, онда неге басқа ұлттан келген ұстазға солай тиіспейсіңдер ме, қазақ тілін білмейсің деп… Тиісе алмайсыңдар, себебі өздеріңіз ана тілін дұрыс түсінбейтін Мәңгүрттерсіңдер, ертең балаларың да, сендердей Мәңгүрттер болады.

  9. Досжан 10 Қазан, 2016 09:25 Жауап

    Осы Тіл басқармасы несін қарап отыр? Заң бойынша қазақ (мемлекеттік) тілінде сөйлеп, орсышада аксенті болса жұмыстан қуылсын деген талап бар ма?

  10. Ақан 10 Қазан, 2016 11:53 Жауап

    Қазақстанда, аралас мектепте орыс тілін оқытудың жеткілікті, қанағаттанарлық деңгейін анықтау керек.
    Мұғалім құқын қорғайтын заң керек.
    Аталған мектепте мемлекеттік тіліміз – қазақ тілін оқыту жағдайын өте мұқият тексеруді міндеттеу қажет.

  11. Алия 10 Қазан, 2016 20:40 Жауап

    Тек казактар гана казактардын котин шуқи алады.Ал баска улттар олай истемейди олар бир биринин аузын жалайды.Оооой казактар уят кой маскара Ауыз биршилигимизди сактайык

  12. Ай 10 Қазан, 2016 21:10 Жауап

    жазушыларда үн жоқ,ұлт тілі осылай аяққа молынан тапталып жатырМайя Плисецкая биші бəрінен де батыр болып шықты.бая–ғ-да айтып қойған. бүгін Ақтөбе ертең басқа жақ қалыпты жағдайға айналдырып алғандаймыз.былтыр Шымкентегі сайлауда анау,аққұлақтар айғай шығарғаны.орысша айт деп.

  13. ан тан 11 Қазан, 2016 00:37 Жауап

    мына да кол коигандар бари озимиздин кара котендер екен гои канша орыс болам десендерде орыс ушин кара котен боп кала бересиздер.

  14. Айгул 11 Қазан, 2016 02:57 Жауап

    Оларға ә десе мә дейдіндер біз сияқты кеңес дәуірінде олармен ұрысысып үйренгендер керек, Заңмен сөйлейтіндер.Менің орыс сыныптарында 30 жылдан астам өтілім болса да кейбір ата-аналар менімен сөйлескендей болып мені сынап тұрады ғой.Мен ата-аналармен сөйлескенде блиц-турнирде тұрғандай өзімді сезінемін.Содан жеңіп шықсап авторитетпін.Өздерінше білгішсініп тұрадығой.Мен бір ата-анаға сіз мені қаралайтын болсаңыз сізді за клевету сотқа береп деп бас салдым.Жыл бойына соқтығысып-қақтығысып әбден декреттен мұғалім өз орнына шығатын болғанда әлгі ата-ана үйреніп қалған едік дейді ғой ой мы уже привыкли.

  15. Айым 12 Қазан, 2016 11:05 Жауап

    Это мамы домохозяйки, которым делать не чего дома. От безделия лезут к учителям. Встанут около школы, важные такие, будто что то глобальное не решимое решают. Эти мамаши думают, что класс держится на их плечах. Везде свой нос суют.

  16. Айеке 12 Қазан, 2016 11:35 Жауап

    Плохо, что люди с казахскими фамилиями идут на поводу у представителей других этносов. Не шли бы на поводу, последние никогда бы не посмели написать такой писмо. Ауызбірлік – керек Бұратана ұлттарға біздің дамуымыз беш тиынға да керегі жоқ*Сорпамыз үш қайнаса да қосылмайды**Қашанға өзге ұлттар қазақтың қоғамдық өмірін билей береді?

  17. арнау Князбаев 13 Қазан, 2016 11:17 Жауап

    Ата аналар орыспа алде казакпа казак болса казакша жаксы билеме екен?орыс болса казакша билеме? …алдымен оздерин жондесин… деп оилаимын

  18. Ақан 19 Қазан, 2016 18:31 Жауап

    Қазақтың акценті Қазақстан мектебінде оқыс жағдай ретінде қабылданып, қазақ мұғалімін жұмыстан қуылуына себеп болғаны, əрине, бəріміз үшін өте жаман жағдай. Ашу-ыза туғызып отырғаны түсінікті. Білім беру саласында еңбек етіп жатқан көптеген ұстаз қауым түсіну керек, биліктің айтқанын істей берсе, жағдайы осындай болмақ. Өз намысын қорғай алса, елдің қамын ойласа, онда халықтың қолдауын да күтуге болады.

  19. арман 27 Қараша, 2016 01:10 Жауап

    Қол қойған ата-ананың көбі қазақтар екен, өкінішті!! балаларының қазақша үйренетініне қарса болғандары да!(((((

Пікір немесе жауап жазу

он − жеті =