Ұлықбек Есдәулеттің поэмасы ағылшын тіліне аударылды

Картинки по запросу ұлықбек есдәулет

Лондонда жылына 2-ақ рет шығатын "Long Poem Magazine" журналы белгілі ақын Ұлықбек Есдәулеттің "Натюрморт" атты поэмасын ағылшын тілінде жариялапты. Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Аталған шығарма суретші Еркін Нұразхановтың картинасының әсерімен жазылып, авторға арналған. Ағылшын тіліне жолма-жол аудармасын жасаған "Назарбаев зияткерлік мектебінің" ғалым-ұстазы Гаухар Халық, көркем тәржімалаған белгілі ирландық ақын Джон Глендэй.

Сондай-ақ, Ұлықпан Есдәулет енді 9 қарашада Лондонның атақты Барбикон кітапханасында өтетін тұсаукесерге қатысуға бармақшы. Ондағы дәстүр бойынша автор поэманы қазақ және ағылшын тілдерінде 10 минут аралығында танысырып өтуі тиіс.

Үш жарым сағаттық тұсаукесер рәсімінің дені, негізінен, ақындар мен баспагерлердің танысып-білісуіне, араласуына арналады.