Берік Әбдіғалиұлы: Енді Кенесарының бас сүйегін қайтару керек

1529
4
Бөлісу:

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Кейкі батырдың бас сүйегінің елге жеткізілуі игілікті шара. Бұл туралы Астанадағы халықаралық әуежайда батыр бабаның бас сүйегін қарсы алуға келген саясаттанушы, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлы айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Берік Әбдіғалиұлы: Енді Кенесарының бас сүйегін қайтару керек«Кейкі батырдың бас сүйегі елге жеткізілді, ендігі кезекте Кенесары ханның бас сүйегін алып келу міндеті тұр. Көп жылдан бері Қазақстанның ғалымдары іздестіру жұмыстарын үзбей жүргізіп келеді. Әзірге табылмай жатыр. Осы ретте Ресейдің ғалымдары қосылып, тауып берсе жақсы болар еді. Өйткені, оларда көптеген құжатты тексеріп шығуға мүмкіндік бар», – деді қоғам қайраткері.

Сонымен қатар ол Қырғызстан жерінде де тиісті зерттеу жұмыстарын жүргізу маңызды екенін жеткізді.

«Ханның басын таппасақ та, Кенесарының қаза болған жері белгілі ғой. Қырғызстан жерінде зерттеу жұмыстарын тереңдетіп, сараптамалық жұмыстар жүргізуге болады. Сондықтан іздеуді тоқтатпау керек. Себебі, бұл қазіргі буынның парызы деп білемін», – деді Әбдіғалиұлы.

Оның сөзіне қарағанда, осыдан 10 жыл бұрын ғылыми жұмыстар арқылы Санкт-Петербордағы антропологиялық қордың кунсткамерасына барып, Кейкі батырдың бас сүйегін сұраған екен. Сол кезде музей басшылығы бас сүйекті бермейтіндігін хабарлаған көрінеді.

«Олар өздерінің жауабында бас сүйек Ресей үкіметінің меншігінде тұрғандығын, бұдан басқа кунсткамерада Кавказдан және басқа да елдерден көптеген адамдардың басы сақтаулы екенін, егер бас сүйекті Ресей тарапы Қазақстанға берсе, қалған елдер жаппай сұрау жолдайтынын айтқан болатын. Бұл тұрғыда музей басшылығы үкімет қаулысы шыққан жағдайда ғана бізге табыстай алатынын хабарлады», – деп нақтылады қоғам қайраткері.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Ақан 7 Қазан, 2016 11:23 Жауап

    Кунсткамера, жəне Ресейдің басқа мұражайларында, баяғы заманда империямен жауласып өткен мыңдаған адамның бастары сақтаулы екен. Əрине, 21 ғасырда, жауларының басын сақтау дəстүрі өркениет белгісіне жатпайды. Онымен қоймай, сол «мұрағаттарды» заңды мұрагерлеріне, елдеріне қайтару кезінде əлдебір шарт қою, кедергі жасау, міндетсу сияқты көрініс тауып жатқан қылықтары орыс халқына, жалпы Ресей мемлекетіне, достық көзқарасты көбейтпейді.

  2. Абат 7 Қазан, 2016 15:22 Жауап

    Буны бермитин себеп тери баргои олардын айта кетсек оны берсе казактардын басы косылады декен соз бар соны билип бермиди ал косылса казактар букул елди билиди оны бараша казактар биледи деген оидамын

  3. Ербол Ермек 7 Қазан, 2016 16:23 Жауап

    Кейки батырдын аруагы куанып жаткан шыгар.Алла Иман берсин.Барлык казакты аруагы колдасын.Елимиз аман журтымыз тыныш болсын.Кенесары ханды да тауып акелулерине Алла сатилигин берсин.Кудай колдасын.

  4. Жамаш 9 Қазан, 2016 09:19 Жауап

    Жер туралы дау шыккасын ,ески атамнан калган кагаздарды,жазбаларды окып тан калдым,Менин аргы аталарымнын жери осы Бурабай Катар кол аймагы болып шыкты.Осы орыстар «крепостной права» алынганнан кейн казактын жерин согыссыз жаулап алып 1865 жылы кушпен коширип жиберген.Ал енди сол Аталарымызмыз бирнеше мын жыл шокпармен арашалап калган жерлер кимнин колында кетпекши

Пікір немесе жауап жазу