Назарбаев: Ресей бизнесіне өз үйіндегідей жағдай жасаймыз

Бөлісу:

Астанада Қазақстан мен Ресей өңiраралық ынтымақтастық форумы аясында өтiп жатқан бизнес-форумда президент Нұрсұлтан Назарбаев ресейлiк кәсiпкерлерге ел экономикасын әртараптандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту үшiн қолға алынған iс-шараларды айтып бердi.

Назарбаев: Ресей бизнесіне өз үйіндегідей жағдай жасаймызБұл туралы Baq.kz тiлшiсi хабарлайды.

«Қазақстан экономикасын әртараптандырып, инвестициялық ахуалды жақсарту бағытында қарқынды жұмыс жасап жатыр. Елдiң экономикасына тартылған тiкелей шетелдiк инвестиция көлемi соңғы 15 жылда 260 млрд АҚШ долларын құрады. Осы қаражат есебiнен экономикада жақсы өсiм болды. Дүниежүзiлiк банктiң бизнестi жүргiзудегi жеңiлдiк бойынша Қазақстан 41-шi орында тұр. Бiз экономиканы модернизациялауды жалғастырып жатырмыз», – деп атап өттi президент.

Бұдан бөлек, президент өз сөзiнде биылғы жылы ЕАЭО-ның жаңа кедендiк кодексiн әзiрлеу аяқталатынын атап өттi.

«Ол бiздiң елдер арасындағы барлық кедендiк рәсiмдердi айтарлықтай жеңiлдетедi. Бiрыңғай көлiк кеңiстiгiн кезең-кезеңiмен құру бойынша келiсiмге келдiк», – дедi елбасы.

Сондай-ақ, өндiрушiлер мен инвесторлар үшiн мақсатты түрде ортақ ережелер жасалып жатыр.

«Қазақстан экономикасына қаражат салған ресейлiк бизнес өз үйiндегiдей жағдайда болады деп айтуға болады. Бiз мұны қамтамасыз етемiз», – дедi Назарбаев.

Қазiргi кезде Қазақстанда ресейлiктердiң қатысуымен 6453 компания жұмыс iстеп жатыр. Олар мұнай мен газ өндiру, өңдеу өнеркәсiбi, көлiк, байланыс, машина жасау, ғарыш, атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану сияқты салаларда ашылған.

Ресей Қазақстанның ең iрi сауда әрiптесi болып табылады. Көршiлес елдер арасындағы тауар айналымы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 14,57 млрд АҚШ долларын құрады, оның iшiнде экспорт – 4,34 млрд, импорт – 10,23 млрд АҚШ доллары.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 14 пікір жазылған

  1. Нұрым 5 Қазан, 2016 11:10 Жауап

    Екі елден 6 жарым мыңға жуық кәсіпкерлер өзара нәпақа айырып отырса, бұл жақсы көрсеткіш деп білемін. Біздің де экономикамызға да өзіндік оң әсері болары сөзсіз.

  2. Ұлан 5 Қазан, 2016 11:53 Жауап

    Бастысы елімздің кәсіпкерлері Ресей нарығына жол ашты. Отандық өнімнің де дамып келе жатқанын осыдан аңғаруға болады.

  3. Алмас 5 Қазан, 2016 12:31 Жауап

    Елбасының саясатын түсіндім. Біздіңде кәсіпкерлерге жағдай жасалады емес пе Ресей жерінде. Дұрыс.

  4. Саулет 5 Қазан, 2016 12:32 Жауап

    Әрине, Алмас. Бұл дегеніміз ел экономикасының көтерілуіне жағдай жаса деген сөз ғой.

  5. Назым 5 Қазан, 2016 12:43 Жауап

    Еліміздің экономикасын көтеретін кәсіпкерлік саласы бәсекелі болу керек. Егер елімізге ресейлік бизнесмендер келсе, мүмкін қазақстандық бизнес алдыңғы қатарға шығар.

  6. Жазира 5 Қазан, 2016 14:58 Жауап

    Бірлесіп істеген жұмыс берекелі болады. Оның үстіне тәжірибе алмасуымызға жақсы мүмкіндік.

  7. Ернар 5 Қазан, 2016 15:05 Жауап

    Елімізде бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалып отыр. Ал көрші елмен серіктес болып жатқанымыз жақсы екен.

  8. Гайша 5 Қазан, 2016 15:07 Жауап

    Мына жоба халықтың хал ахуалын жақсартуға себебін тигізеді деп ойлаймын.

  9. Қанат 5 Қазан, 2016 15:10 Жауап

    Ресеймен ортақ жұмыстарымыз аз емес, бизнес бағытында серіктес болуымыз бірқатар экономиканы дамытатын жақсы жобалар әкеледі деп сенемін.

  10. Сағида 5 Қазан, 2016 16:41 Жауап

    Бұл мәселе тек Ресейге ғана қатысты емес, кездесу ресейліктермен болғасын оларға өз ұстанынмызды солай жеткіздік, жалпы еліміз шетелдік инвесторларға жағдай жасауға тырысады, себебі ол деген экономикамызға үлесін қосады

Пікір немесе жауап жазу

он алты + 3 =