Арыстанбек Мұхамедиұлының жаңа орынбасары тағайындалды

959
2
Бөлісу:

Үкіметтің қаулысымен Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы мекеменің сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының жаңа орынбасары тағайындалдыАқтоты Райымқұлова Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында композиция және фортепиано мамандығы бойынша білім алған.

Көптеген музыкалық композициялардың авторы. Олардың ішінде «Ел бақыты», Apple of Peace, «Көкжал», «Толғау» симфониялық поэмасы, «Дала сыры» мен «Жамиля», «Аспан көші» туындылары, «Алатау» пьесасы бар.

Әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында мұғалім, концертмейстер қызметтерін атқарды.

2014 жылдан бастап, Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері бойынша департамент директоры қызметінде болған.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

Пікір немесе жауап жазу

бес × 2 =