"ЭКСПО-ға" тағы 33 миллиард теңге бөлінетін болды

Үнемге көштік деп мәлімдеме жасаған Есімовтің "ЭКСПО-сына" тағы 33 миллиард қаржы бөлінетін болды деп хабарлайды 31 арна.

"ЭКСПО-ға" тағы 33 миллиард теңге бөлінетін болдыҚаржы құрылысты жылдамдату үшін жұмсалмақ.

Қыркүйектің басында айтылған дағдарыстан өсуге жетелейтін президенттің жаңа жоспары бойынша 233 млрд теңге экономикалық өсімге беріледі. 97 млрд агроөнеркәсіпке болса, 112 млрд теңгеге жаңа зауыт, кәсіпорындар іске қосылады екен. Терроризммен күрес үшін үкімет 70 млрд жұмсамақ. Ал шығыны шаш етектен "ЭКСПО-ға" тағы 33 млрд теңге берілетін болыпты.

"136 млрд ірі жобаларға жұмсалады. Соның ішінде 33 млрд теңге "ЭКСПО" құрылысын жетелдету мен өткізілуіне беріледі. Тағы 53 млрд Назарбаев университетіне, бұл да "ЭКСПО-ға" қатысты нысандар", - дейді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Ал елдің жылдар бойы жинап терген зейнетақысынан 112 млрд теңге банктерге беріліп қойыпты. Қалғанын қаржы орталықтары алудан бас тартып отыр екен.