Бастықтарға қызметтік көлік не үшін берілетінін білесіз бе?!.

Картинки по запросу служебная машина астана

Қызмет көлігі адамға не үшін беріледі:

1. Кеш тұрса да жұмыстан кешігіп қалмау үшін; 2. Түнде 700 гр. ішіп қойса, Жолпол ұстап алмау үшін; 3. Статусын елден биік ұстау үшін; 4. Жаңбырдың астында қалып қойса, костюм-шалбары су болмау үшін; 5. Бала-шағасы мен әйелін базарға апару үшін; 6. Түскі асты елден бөлек ішу үшін; 7. Газет оқып, ел жаңалықтарынан хабардар болу үшін; 8. Үлкен бастықтың алдында сөйлейтін сөзін алаңсыз жаттап бару үшін; 9. Жолда қағысып қалса, ары қарай таксимен кету үшін; 10. Анда-мұнда барғанда көзге түспеу үшін; 11. Барлық керек-жарағын тасып жүретін арба ретінде; 12. Құдаларын тасу үшін; 13. Ел қамын алаңсыз ойлау үшін; 14. Парковкада дәрет сындыра салу үшін;

Тағы не қалды, ал?

Серік Жанболат,

Фейсбук парақшасы