"Ақ жол" партиясы ауыл балаларының спортпен шұғылдануын қолдайды

«Ақ жол» ауылдардағы балалар спортын қолдауды жалғастыруда: ШҚО-ның Ұлан ауданында спорт алаңын ашқаннан кейін партия Ақмола облысы Ерейментау ауданында спорт фестивалін ұйымдастырды.

«Ақ жол» ауылдардағы балалар спортын қолдауды жалғастыруда:  4 қыркүйекте ШҚО Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылында спорт алаңынын ашылу салтанатынан кейін 7-8 қыркүйекте партия  Ақмола облысы Ерейментау ауданының Малтабар ауылында дәстүрлі (үшінші болып саналатын) спорт фестивалін өткізді.

Жарыс дзюдо, шағын футбол және волейбол түрлері бойынша жергілікті мектептердің, сондай-ақ Астана және Степногорск қалаларының командаларының қатысуымен өтті. Дзюдошылар турниріне 100-ге жуық жас балуан қатысты. Жеңімпаздар болғандар А. Жұмағұлов (Ерейментау, 35 келіге дейін); Д. Поезбаев (Ерейментау 38 келіге дейін); Х. Теміртасов (Ерейментау, 42 келіге дейін); А. Жұмаділ (Астана, 46 келіге дейін); Р. Салық (Степногорск, 50 келіге дейін); И. Төлеген (Степногорск, 55 келіге дейін); Н.Тлеусерік (Астана, 55 келіден астам).

Волейболдан жарыс 7 команда арасында өтті, І орынға БЖСМ-99, ІІ орын – БЖСМ-2002, ІІІ орын – ОМ- № 2 лицей ие болды.

Футболдағы жеңіс үшін 10 команда бақ сынады. І орынды БЖСМ-1, ІІ орынды – Еркіншілік ОМ, ІІІ орынды – БЖСМ-2 алды.

 Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.