Мақпал Жүнісова: Заманбекке көше де берілмеді, мұнша шетке ысыратындай ол не істеп еді?!.

Картинки по запросу заманбек нуркадилов

Заманбек Нұрқаділов өлімінің сыры қашан ашылады? Он жылдан бері осы сұрақты баспасөз өкілдері қаузап келеді, – деп жазады “Дала мен қала”. «Отбасылық кикілжіңнің кесірінен өз өзіне қол жұмсаған» деген тергеушілердің тоқтамына сенбейтін жұртшылықтың қарасы мол.

Саясаткердің жесірі Мақпал Жүнісова әр жылдары баспасөзге берген сұхбатында оның өліміне мүдделі топтар болғанын жасырмайды. Ол: «Бүгінгі билік ауыспай тұрып шындықтың беті ашылса екен» деп армандайды.

Жүнісованың пікірінше, оның өлімін жасыруға бүгінгі биліктің өзі мүдделі. Егер олар шын сырды ашамыз десе, барлық мүмкіндік бар. Ол, сондай-ақ, Заманбек Нұрқаділовтің жақсылығын көргендердің өзі қазір теріс айналып, ол кісіні ұмытып кеткендеріне өкпелі. Бұрнағы жылдары туған күні мен қайтыс болған күнінде жиналатын оппозиция серкелері де қазір баруын сиреткен. Ал биліктегі бұрынғы әріптестері тірі кезінде ара-тұра хал-жағдай сұрасқандарымен, қайтыс болған соң мүлдем «жырақтап» кеткендерін айтады. «Мен оларға өкпелемеймін. Бұл дүние кімнің басында мәңгілік тұрар дейсің. Тек Зәкеңнің есімін ұрпақ жадында жаңғыртудан неге сескенетіндеріне таңмын», – дейді М. Жүнісова.

Әншінің айтып отырғаны Алматы қаласынан Заманбек Нұрқаділов атына көше беруге талпынғанымен, әкімшіліктегілер ешқандай іс-әрекет жасамағандығы. Жоғарыдағы шенділердің де бұл тақырып көтерілсе теріс айналып, қашатындығы.

«Тым құрыса өзінің туған жерінен көше мен мектепке есімін беруге болады ғой. Мұншалықты шетке ысырып, мүлдем ұмыттыруға талпынатындай, ол не істеді? Өмірінде қазақ үшін еңбек етті. Тәуелсіздіктің керегесін бірге көтерісті. Қазір мәңгілік дүниеде. Қайта тіріліп келмейді, ешкімге зиянын да тигізбейді ғой», – дейді Мақпал Жүнісова.

Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісованың Мерей есімді жалғыз қызы бар. Ендігі мақсаты – сол қызын дұрыс тәрбиелеу. «Болашақта әкесінің атын шығаратын қазақтың мақтанышы болады деп үміттенемін», – дейді ол.

Саясаткердің бұрынғы жарынан туған екі баласы бар. Қайрат Нұрқаділов – Алматы қалалық тұрғын үй департаментінің басшысы. Қызы – Құралай Нұрқаділова елімізге танымал дизайнер.

Он жылдан бері осы сұрақты баспасөз өкілдері қаузап келеді. «Отбасылық кикілжіңнің кесірінен өз өзіне қол жұмсаған» деген тергеушілердің тоқтамына сенбейтін жұртшылықтың қарасы мол.