Назарбаеваға халал балабақшалар ұнамайды, Сағадиевке бәрібір…

1329
10
Бөлісу:

Халал балабақшалар Халықаралық қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша сенат комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның ашуына тиді. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Азаттық Радиосына» сілтеме жасап хабарлайды.

Халал балабақшалар Назарбаеваның ашуына тиді«Көптеген олқылықтар бар. Жақында бізде «халал» балабақшалар барын білдім. Мен өте ашулымын! Бұл жазда болған жайттар бізді көп нәрсеге үйретті деп ойлаймын – олар бізге осал тұстарымызды көрсетті. Сол үшін көрпе астына тығылмай, жұмыс істеу керек», – дейді сенат комитетінің басшысы.

Дариға Назарбаева кездесу барысында еліміздің полицейлерінің құзыретін кеңейту ұсынысын жасады.

«Полицияның статусын қайта қарау керек деп санаймын. Оларға оқыс жағдайларда белсенді тойтарыс бере алуы үшін көбірек құзірет беру керек. Алматыда қаза болған полицейлер барлық қажет шараларды қолданғанымен, адам шығыны болды», – деді Назарбаева Алматыда 18 шілде күні болған қайғылы жайтты еске сала отырып.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 10 пікір жазылған

  1. Берик. 23 Қыркүйек, 2016 13:46 Жауап

    Не тусинемиз.балабакша,халал.полициянын кузыретин котеру керек.не атты,тук укпадым.

  2. Амина 23 Қыркүйек, 2016 15:04 Жауап

    Иә, қазіргі таңда бізге діни қарым-қатынастарды мұқият қарастыру қажет. Ақтөбе мен Алматыдағы жағдайлар сұмдық, бізге жат. Ондайды болдырмауымыз керек.

  3. айзере 23 Қыркүйек, 2016 15:51 Жауап

    и правильно говорит Дарига Нурсултановна! Недьзя делить садики детские на халал или не халал.

  4. Дакен 23 Қыркүйек, 2016 15:55 Жауап

    Дариға Назарбаева Америкадағыдай полиция сөзге келмей ата салатын заң шығарғысы келетінге ұқсайды. Онсыз да шаш ал десең бас алатын біздің полицейлер өзіңді үйіңе келіп атып кететін болады. Керегі осы ма?!

  5. Құрал 23 Қыркүйек, 2016 17:14 Жауап

    Бағана түске дейін Мұрат Әбеновтің полицейлердің жалақысын азайту туралы мақаласын оқып едім. Ал мына жерде Назарбаева полицейлерге көбірек құзірет беру керек депті. Қайсысын қолдаған дұрыс?

  6. Жасқанат 23 Қыркүйек, 2016 17:18 Жауап

    «Халал балабақшалар» деген сөз құлаққа түрпідей тиеді екен. Басқа балабақшалар қандай сонда? «Халал балабақшалардағы» тәрбиешілерді көз алдыма елестете алмай отырмын.

  7. Амандық 23 Қыркүйек, 2016 17:21 Жауап

    Мына жақта барлығы жабылып, террористермен күресіп бола алмай жатыр. Ал ана жақта «Халал балабақшалар» ашып тастапты. О, тоба ай. Естімеген елде көп. Бұлар тағы қандай фокус көрсетежі екен.

  8. Габо 23 Қыркүйек, 2016 17:34 Жауап

    Молдекеңдердің қолы балабақшаларға дейін жеткен бе. Фанатиктер құрған балабақша ау шамасы. Есі дұрыс адам өзінің балабақшасына «халал» деген термин жалғамайды ғой.

  9. Қолқоюсыз 27 Желтоқсан, 2016 02:26 Жауап

    «Халал балабақшалар» не деген сөз, тыпты құлаққа түрпідей тиеді екен. Басқа балабақшалар қандай сонда? «Халал балабақшалардағы» тәрбиешілерді көз алдыма елестете алмай отырмын.

Пікір немесе жауап жазу

12 − алты =